ДИКТОР: Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. Еліміздің әр аймағында наурыздың 18-і мен 26-ы аралығында пойыздар қатынайды. Өйткені, дәл осы күндері жолаушылар ел арасына шығуы артады. Сондықтан, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қосымша пойыздар мен электр пойыздарын іске қоспақшы. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын еш қиындықсыз аралауға мүмкіндік жасалып отыр.

Интершум: пойыздардың жүруі

РКС: Жұртшылық пойызы ең қауіпсіз қатынас құралы деп есептейді. Сондықтан, әсіресе мереке кезінде билет таппай сандалғандардың қатары көбейеді. Ортаға алыпсатарлардың килігетіні де ащы да болса шындық. Осыған орай, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Наурыз мейрамы қарсаңында еліміз бойынша сұраныс жоғары бағыттарға 200-ден астам қосымша вагон қосуды жоспарланған. Ұлттық тасымалдаушы Астана мен Көкшетау және Бурабай курортты аймағына қосымша электр пойыздарын жолға шығармақшы.

СНХ: РОЗА АРЫСТАНҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 20 наурыз Астана-Көкшетау бағыты бойынша, ал 21 наурызда Астанадан Бурабай курортына дейін қосымша электр пойызы жолға шығады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жолаушыларды, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Отбасына бақыт, денсаулық тілеймін. Аспанымыз әрқашан ашық болсын! Ұлыс оң болсын!

РКС: Қосымша билеттерді сату наурыздың 5-сінен басталды. Оларды сайттан немесе билет кассалары арқылы алу мүмкіндігі де ескерілген. Жолаушылар қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы біле алады.

ЖҰЛДЫЗ АМАНТАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.