ДИКТОР: 1-ші наурыз Қазақстанда криминалистикалық қызметтің құрылған күні. Облыстық полиция департаментінің жедел- криминалистика басқармасына 2021 жылдың 1 наурызында жұмысқа орналасқан Әлия Жеңісова өз мамандығы жайлы айтып берді.

РКС: Облыстық полиция департаментінің жедел-криминалистика басқармасында 11 адам қызмет етеді. Тәуліктік кезекшілік, оқиға орнына дереу жету, түрлі зертханалық зерттеулер. Мұның бәрі криминалист маманының міндеті. Әлия Жеңісова бұл мамандықты мектепте оқып жүріп таңдаған екен.

СНХ: ӘЛИЯ ЖЕҢІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТІ: Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Мектепті Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында бітірдім. 9 сынып оқып жүргенде Қарағанда академиясына түсу үшін дайындықты бастадым. Әсіресе физикалық нормативтерден жоғары көрсеткіштер керек болды. Оқуға түскеннен кейін криминалистика бағыты бойынша емтихандар басталды. Себебі, бұл бағыт үлкен жауапкершілікті, стресске төзімділікті қажет ететін жұмыс. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру үшін басқа қалаларға жиі шығамыз.

РКС: Криминалистерді "погондағы ғалымдар" деп атайды. Себебі әр маман түрлі бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда, саусақ іздері, баллистика мен одорология. Әлия кәсіпқойлықта, төзімділікте және адалдықта ер адамдардан кем түспейді.

СНХ: ӘЛИЯ ЖЕҢІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТІ: Осында қызмет етіп жүргеніме 3 жыл болды. 2017 жылы Қарағанды академиясына оқуға түсіп жатқан кезімде криминалист боламын деп ойламадым. Дегенмен, 7 взводка, нақтырақ айтқанда криминалистер взводына түстім. Бүгін, 1-ші наурыз күні криминалистика қызметіне 105 жыл толып отыр. Бәріне сәттілік, денсаулық пен қызметтік мансапта табыс тілеймін.

РКС: Криминалист – бұл қылмыс орнына бірінші жететін адам. Ол болған оқиғаның желісін қайта жасақтайды. Ұсақ-түйек заттың бәрі маңызды. Себебі, криминалист қылмыстың дәлелдерін іздейді. Кез-келген қателік қылмыстың көрінісін өзгертіп жіберуі мүмкін.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАК ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ