ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясы білім беру бағдарламасын экологиямен ұштастыра отырып оқытуымен ерекшеленеді. 1-11 сынып оқушылары табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыратын жалпы білім беретін пәндер мен әдіс-тәсілдерді оқиды. Биылғы оқу жылында "Жасыл мектеп" экожүйесін дамыту бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталмыш жобада түрлі бағыттар қамтылуда.

РКС: Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста, - дейді 9-сынып оқушысы Ажар Сахиева. Ол өзін "жер амбассадорымын" есептейді. Ажар және өзге де мектеп оқушылары экожобаларды қолдауға ниетті. Ажар табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап қана қоймай, экоакциялар өткізеді және белсене атсалысады.

СНХ: АЖАР САХИЕВА, №13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен әлемді бұдан да көркем еткім келеді. Өйткені, климат өзгеруде, жаһандық жылыну көбейді. Жеріміз өте лас. Мен жақсылыққа құштарлықты ең алдымен өз мектебімнен бастағым келеді. Мектептің дамуына және жаһандық, қоршаған ортаның өзгеруіне өз үлесімді қосқым келеді. Мысалы, әр тоқсан сайын макулатура жинаймыз. Мұнымен тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де айналысады.

РКС: "Жасыл мектеп" экожүйесін дамыту бағдарламасы аясында оқу үдерісін экологияландыру жобасы әзірленді. Осылайша, экотәлімгер, сити-фермерлік және зерттеу жұмыстарының жобалары енгізілуде.

СНХ: АЙШОЛПАН САМБАЕВА, №13 "ЭКОС" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр Көкшетау қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен бір жылдық "Білім акселераторлары" курстары ұйымдастырылды. Осы курстарда біз теориялық білім алдық, бағдарлама әзірледік. Біздің бағдарлама түлекті экологиялық тұрғыдан өзін-өзі тану және мәдениетті етіп тәрбиелеп шығаруға бағытталған.

РКС: Бағдарлама аясында жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасау, экологиялық партиямен әріптестік, заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жылыжай ашу жоспарланып отыр.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ