ДИКТОР: Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасына «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа ангиограф пен магнитті-резонансты томограф жабдықтары әкелінді. Жаңа құрылғының бұрынғысынан айырмашылығы – санаулы минуттың ішінде компьютерлік томография жасап, диагнозды тез анықтайды. Цифрлық жүйеде жұмыс істейді. Жаңа құрылғы кеуде қуысы мүшелерінің аурулары, сүйек-буын жүйесі, асқазан-ішек жолын зерттеумен қатар, бас сүйек ауруларын тексереді.
РКС: Магнитті-резонансты томограф онкология ауруларына, бас сүйек-ми жарақатының жабық және ашық түрлеріне, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігіне, ауру тудыратын ісік клеткаларына сараптама жасайды. Аппарат әр органды жіті тексереді.
СНХ: РОЗА МҰҚАНОВА, КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің ауруханаға 128 бөлімі бар «PHILIPS» жаңа құрылғысы әкелінді. Былтыр ғана шыққан. Мультиспиральды құрылғының мүмкіндігі зор. Құрылғыда компьютерлік томография контрастын жүргізуге болады. Тамырларды, дененің барлық мүшесін, онкологияның барлық патологиясын да анықтауға болады. Жоғары диагностикалық әдіс миға және аяққа қолданылады.
РКС: Ақ халаттылар сандық технология сәулелік жүктемені төмендететінін айтады. Зерттеуге кететін уақыты да аз. Рентгендік кескін жасалған соң ол цифрландырғыш құрылғыға салынады. Кейін, компьютер арқылы өңделіп, басып шығарылады. Шамамен 5 минуттай ғана уақыт кетеді. Суреттің сапасы да бұрынғыға қарағанда жақсы»,-дейді мамандар.
СНХ: АЛМАЗ ҚАЛЫМОВ, РЕНТГЕНЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ ХИРУРГ: Аппарат көпфункционалды. Ол жүректегі тамырларды, мидың, бүйректің, аяқтың тамырларын зерттеуге арналған. Егер стеноздың зақымдануы, ағзада бітелудің байқалуы, окклюзия анықталса, біз артерияларды ашамыз. Отада эмболизацияның, яғни артерияның жабылатын уақыт та болады. Жатыр артериялары, қуық асты безі оталары осы аппаратта жасалады.
РКС: Айта кету керек, ауруханаға су жаңа ультрадыбыстық аппарат, асқазан, ішектерді визуалды тексеретін арнайы құрылғы да әкелініпті. Ол адамның ұйқы безі, бауыр тіні, өт қабы, асқазанның шырышты қабаты мен көкбауырдың патологиясын анықтау үшін қажет. Алдағы уақытта қала тұрғындарына ауруды дер кезінде анықтап, алғашқы және кешенді ем-дом жасауға толық мүмкіндік бар.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ