ДИКТОР: Өткен жылы 130-дан астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары ретке келтірілді. Жаза қолдану туралы 31 актінің күші жойылды. Заңнама талаптарының сақталуын саралау қорытындысы бойынша, еңбек демалысын беру және мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу кезінде 146 заң бұзушылыққа жол берілген. 41 мемлекеттік қызметшінің құқығы ретке келтірілді.
РКС: Облыс аумағында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. 49 қызметшінің кестеден тыс атқарған жұмыс күндеріне демалыс берілген. Сонымен бірге конкурстық комиссияның шешімі жойылды. Қызметшілерге іссапар шығындары, демалыс ақысы, бонустар төленіп, негізгі қызметтері бойынша атқарылатын лауызымдар қайта қаралды.
СНХ: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Департаментке аудандардың бірінде еңбек ететін мемлекеттік қызметшіден арыз түсті. Оған жұмыс істейтін мекемесі сауықтыру жәрдемақысын төлеуден негізсіз бас тартқан. Бұл факті бойынша тексеру тағайындалды. Арызданушының дәлелдері расталды. Департаменттің хаттамасының негізінде сауықтыру жәрдемақысы төленді. Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
РКС: Демалыс беру және қызметшілерді іссапарға жіберу кезіндегі заңнама талаптарының сақталуын талдау қорытындысына сәйкес олардың құқықтарының бұзылғаны анықталды.
СНХ: ӘНУАР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Департамент жүргізген талдауда төлемдердің уақытылы төленбеуінің 95, сондай-ақ 243 700 теңгені құрайтын іссапар шығындарын төлемеудің 8 фактісі анықталды. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 54-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан кезеңінде төленетін ақысы да мерзімінен кешіктірілген. Осындай 33 дерек анықталды.
РКС: Бұл кемшіліктердің бәрі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралады.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ