ДИКТОР: Ана тілге құрмет, мемлекеттік тіл саясатын дамыту еліміз егемендік алғалы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Тіл мәртебесінің нығаюына, оның қолданыс аясының кеңеюіне септігін тигізетін шаралар легі жоспарлы өткізілуде. Бүгін Көкшетаудағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №65 мекемесінде тіл саясатын қолдауға бағыталған шара ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ
РКС: Шара шағын ойыннан басталды. Жиналғандар қағазда бейнеленген суреттер бойынша мақалдарды табуы керек. Кейін шараның басты бөлігі басталды. Нақтырақ айтсақ, қызметкерлер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін қойды. Қойылымның ерекшелігі өзге ұлт өкілдерінің басты ролдерді сомдауы.
ИНТЕРШУМ: спектакльден үзінді
СНХ: ЛЮДМИЛА НЕЧАЙКИНА, №65 МЕКЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГЫ: Мен бүгін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектакліне қатыстым. Баянның құрбысы Тылсымның ролін сомдадым. Қазақ тілін үйрену, қазақ тілін құрметтеуге осындай іс-шаралар көмектеседі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
РКС: Тілге құрмет – елге, ұлтқа деген құрмет. Қазақ тілін үйренуге деген ынта-жігер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №65 мекемесінде де арту үстінде. Мәселен, мына шара Қазақстан Республикасында 2023-2029 жылдарға арналған тілдерді дамыту тұжырымдамасына сай ұйымдастырылған.
СНХ: ЗАМИРА МАДЕЕВА, №65 МЕКЕМЕСІНІҢ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫ КЕЗЕКШІ КӨМЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл шара концепциямен таныстыру ретінде өткізілді. Бұл бірінші шара емес. Алдымызда тағы ұлттық құндылықтар, қазақ тілін насихаттау, оны жоғары дегейде көрсету үшін осындай шараларды әлі де ұйымдастыратын боламыз. Тіл дамыту концепциясына сай қазір мекеме басшылығымен қарастырылып жатыр. Бұрын қазақ тілі курстары мекеменің өзінде жүргізілген. Қазір жүргізіліп жатқан жоқ. Енді алдағы уақытта қайта қолға алу жоспарланған.
РКС: Халықтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады»,-деп атап өткен еді. Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы – ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады. Осы ретте мемлекет басшысының Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ролі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгені де нақты айтылған.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ