ДИКТОР: Көкшетау қаласының мерейтойына орай "Шаттық таңым - Көкшетау" атты концерт өтті. Онда жергілікті орындаушылармен қатар, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова да өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ: Нұрлан Қыстаубайдың "Көкшетау" жайлы өлеңінен үзінді (Концерттің ашылуы)

РКС: Бұқпа тауының етегі мен Қопа көлінің жағалауында орналасқан Көкшетау жайлы ғасырлар бойы жырлар айтылып, талай аңыз-әңгімелер жазылды. Көкшетау қала мәртебесіне ресми түрде 1895 жылы ие болды. Бастапқыда 5 мың тұрғын болған.

СНХ: КҮНІМ ОРАЗБАЕВА, КОНЦЕРТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Туған өлкемізді осы күнге дейін "киелі Көкше жері", "жер шоқтығы Көкшетау", "аңызға айналған Көкшетау" деп айтып келеді. Қазақ поэзиясының Ұлы композиторлары мен классиктері Сәкен Сейфуллин, Ақан Серінің шығармаларындағы көрініс тапқан Көкшетау тақырыбы туралы бөлек әңгіме қозғауға тұрарлық. Біржан сал, үкілі Ыбырай, Көкен Шәкеев, Төлеген Қажыбай сияқты өлкеміздің даңқын асқақтатып жүрген біртуар тұлғаларымыз да көп. Қазір енді солардың ізін басып келе жатқан жас ақындарымыз бар.

ИНТЕРШУМ: ҚР еңбек сіңірген Бисара Мәкенованың дәстүрлі ән орындауынан үзінді

РКС: Жалпы Көкшетаудың сұлулығын жырламаған ақын кемде-кем. Солардың бірі Қуаныш Оспан. Ол өзінің "Бәтен балуан" поэмасында Көкшетаудың, Бурабайдың әсем жерлерін суреттеді.

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, АҚЫН: Кешегі Сәкен серілерден бастап, Мағжандардан бастап, бүгінге дейін қаншама ақын композиторлар өздерінің жырларына арқау еткен қасиетті Көкшетау. Осынау концертте біздің де бір өлеңіміздің тұсауы кесілгелі отыр, яғни өлең болғанда композиторлардың жазған әнінен кейін соның сахнада бірінші орындалуы. «Бәтен балуан» деген поэма жазылған, соның кіріспе бөлімін композиторлық ән қылған екен, соның бүгін сахнада тұсаукесері. Болашақта да талай Көкшетау туралы, Көкшетаудың топырағы туралы, Туған Жер туралы, Туған ел туралы қаншама әндердің тууына осындай бір кештердің себеп болатыны белгілі. Сондықтан барша ақындарға, барша композиторларға сәттілік тілейміз, алдағы уақытта да керемет туындылармен елді қуанта береді деп ойлаймыз. Ұйымдастырушыларға көптен көп рахмет!

ИНТЕРШУМ: Қуаныш Оспанның "Бәтен баулан" атты поэмасының орындалуынан үзінді

РКС: Концерт ұйымдастырушылары көрермендерге туған жерге деген сүйіспеншілікке толы ұмытылмас кеш сыйлады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ