ДИКТОР: Көкшетауға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов келді. Ол өрт сөндірушілермен, құтқарушылармен кездесті. Жиында саланың дамуы сөз болды. Мамандар азаматтық қорғаныс саласын жетілдіру бағытындағы ойларын ортаға салды.
РКС: Климаттың өзгеруі, экономикалық даму, урбанизация, өндірістік технологиялардың күрделенуі төтенше жағдайлардың көбеюіне әсер етті. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда табиғи апаттардан келтірілген залал ондаған есе, ал олардың жиілігі үш есе өсті. Сондықтан апаттарға қарсы іс-қимылдың жаңа идеологиясын құру мен іске асырудың, сондай-ақ, азаматтық қорғаныстың түбегейлі өзгеше тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі туындады.
СНХ: БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бүгінгі таңда көптеген халықаралық тәжірибені ескере отырып, азаматтық қорғау жүйесінің төтенше жағдайларды жоюдан олардың алдын алуға көшуін қамтамасыз ету қажет. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті одан әрі дамыту жөніндегі негізгі идея мен мақсаты, біріншіден, апаттармен күреске Үкімет, Азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастықтар, қаржы институттары, жеке сектор және еріктілер қосылуы тиіс.
РКС: Сондай-ақ, әрбір қазақстандықтың бойынша қауіпсіздік мәдениетін арттыру қажет. Тәуекел деңгейін төмендету мәселесіне ұлттық саясатта басымдық беру керек де маңызды.
СНХ: ТІЛЕГЕН ТЕМІРБОЛАТОВ, КӨКШЕТАУДАҒЫ №2 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Бүгінгі іс-шара Асқар Забикулинға ескерткіш қою рәсіміне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, Бауыржан Мәдиұлы осы іс-шарада бізді дүйім жұртқа таныстырды. Бұл ведомстволық награда. Оны мен бір жыл бұрын алдым. Ол Түркиядағы жел сілкінісіне байланысты алған жағдай кезінде алынған марапат болды.
РКС: Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. «Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін», - дейді құтқарушылар.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ