ДИКТОР: Облыс әкімі Көкшетаудағы бірқатар нысанды аралады. Шаһардағы білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, жаңа жатақхананың құрылыс барысын қадағалады.
РКС: Алдымен Марат Ахметжанов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жұмысымен танысты. Айта кетсек, жоғары оқу орны бакалавриаттың 58 бағдарламасы, магистратураның 42 және докторантураның 10 бағдарламасы бойынша білім береді. QS Central Asia - 2023 халықаралық рейтингінде 29-орында тұр.Сондай-ақ, ғалымдар да түрлі ғылыми зерттеулер жүргізеді. Атап айтқанда, аграрлық-өнеркәсіп пен агротехника саласында облыс үшін маңызды жобаларды жүзеге асырады. Облыс әкімі университеттің ғылыми әлеуетімен танысты. Жас ғалымдар өз жобаларымен таныстырды.
СНХ: МИРАС СҰРАҒАНОВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазір Ақмола облысында уран, алтын өндіретін елді мекендердің экологияға ақуалы, топырағы, өсімдігі, жәндіктері зерттеліп, оның ғылыми нәтижелері біздің журналдарда жарияланды. Қаржыландыру Ш.Уәлиханов университетінің аясынан жүргізілді. Тағы бір ғылыми жоба Ақмола облысының фермерлеріне арналған деп айтуға болады. Ақмола облысында мал азық-шөптерді тұқымға дайындау технологиясын жетілдіру. Жаңадан шыққан органикалық тынайтқыштарын, дозасын беру уақытын, біз содан рекомендация дайындап фермерлерге ұсыныс енгізетін боламыз. Бұл ғылыми жоба ҚР ғылым және жоғары білім министрлігігің «Жас ғалым» байқауының аясында жүргізіліп жатыр.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Народ довольный, люди, земля довольна. Поэтому здесь я полностью вас поддерживаю. Я уже видел вот эти приминения. Где у нас хозяства которые наиболее прибыльные они применяют все новые технологий.
РКС: Кейін Марат Ахметжанов жоғары оқу орнындағы ЯМР-спектроскопия зертханасына барды. Онда бірегей құрылғымен танысты. Мұндай заманауи құрылғы ел бойынша 4 ғана бар екен.
ИНТЕРШУМ:
- Сонда не үшін қолданады? Ішкі структурасын анықтап береді ма?
- Иә, мысалы жаңадан шыққан наркотик. Құрылысы қандай екенін ешкім білмейді. Соны салып, формуласы міне. Формулалар әртүрлі. Бүкіл өсімдіктер майлар, агрономадр қолданады.
РКС: Келесі нысан Ш.Уәлиханов университетінің жанындағы жоғары медицина мектебі болды. Студенттерді қабылдау 2018 жылы басталған. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Астана медицина университеті өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді. Оған қоса, Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен меморандум жасалған. Қазіргі уақытта мұнда 800-ге жуық студент білім алуда. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов медицина мектебінің озық технологияларымен танысты. Мұнда жастарға практикалық жағынан білімдерін жетілдіруге барынша жағдай жасалған.
ИНТЕРШУМ:
-Бізден қандай көмек керек?
-Стипендия мен грант керек. Лицензия алғаннан кейін. Бұл кісілер лицензияны өздері алады, кейін бізден грант бөлінеді. .... 00:59////
РКС: Әрі қарай әкім жатақхана құрылысымен танысты. Мұнда 2 блоктан туратын студенттер үйі болмақ. Іске жауапты – «Азимут» серіктестігі. 500 студентке шақталған жатақхана мамыр айында қолданысқа тапсырылмақ.
- Қашан басталып еді?
-Февраль айында бастады. Былтыр.
- Қашан бітіреді?
-Майдың 31 деп тұрмыз. Бірақ кішкене кешіктіру бар. Екі корпус. Мына жақта 250, ана тұрған жатақханада да 250 студент болады. Секциялармен болады. Заманауи.
СНХ: ЕРНҰР МҰХАМЕДЖАНОВ, «АЗИМУТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда Б блогінің 5 қабатын көтердік. Енді 5-ші қабаттың шатырын көтеріп жатырмыз. Блок А бойынша 1-ші қабаттың кирпичная вкладкасы болып жатыр. Жақын арада ішкі жұмыстарға кірісеміз. Іште үлкен бөлмелер. Олар екіге бөлінеді. Яғни, біреуінде 2 студент, екіншісінде 3 студент. Жалпы, бес студент болады. Әр бөлмеде жеке туалеті, дүшевая кабинасы болады. Сондай-ақ, өздерінің кухнясы болады.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов жауапты сала өкілдеріне бірқатар тапсырма жүктеп, уақытылы орындауды талап етті.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ