ДИКТОР: Елімізде алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанында ашылған "Күміс университетінің" жұмыс істегеніне 3-ші жыл. Бастапқыда білім ордасы 130-ға жуық тыңдаушыға сертификат табыстады. Биыл 90-ға жуық студентке табысталмақ.

РКС: «Күміс университеттің» студенттері компьютерлік сауаттылық, тігін, өнер және ағылшын, қазақ тілі курстарына тегін қатысып жүр. Оқу орны өмір бойы білім алуға мүмкіндік береді.

СНХ: АЙНҰР ШҮКЕЕВА, ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Күміс университетінің мақсаттары мен міндеттері - ол адамдар зейнетке шыққаннан кейін оларды кейінгі уақытта қоғамда сәтті бейімделуіне, өзін-өзі жетілдіруіне, рухани дамуына қолайлы жағдай жасау. Университетіміздің білімді, білікті бұрыннан бері жұмыс жасап келе жатқан педагогикалық тәжірбиелері мол оқытушылары сабақ береді.

РКС: Білім алушыларға мұнда қолайлы жағдай жасалған. Олар жаңа дағдыларды игеріп қана қоймай, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Сондай-ақ, тыңдаушылар үшін университет кітапханасы, компьютерлік сыныптар, спорт және тігін залдарының есігі айқара ашық.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТОВА, КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ ТЫҢДАУШЫСЫ: Біріншіден өзімді дамыту үшін барып жүрмін және шетелге шыққанда ағылшын тілді білген өте жақсы деп ойлаймын. Одан басқа мен психологияға, дене шынықтыруға, информатика сабақтарына қатысып жүрмін. Енді мына ағылшын тілінде біздің оқытушы Нұрғайша Оразбаевна сабақтары өте қызықты өтеді. Әрі сапалы. Бізге бәрі түсінікті, бәрі қызықты, бәрі сабақтар ұнайды. Нұрғайша Оразбаевна интерактивті тақтаны қолданады. Біз әртүрлі жаттығуларды парақшада жұмыс істеп, сөздерді тақтаға шығып жазамыз. Ауызша қайталаймыз.

ИНТЕРШУМ: Ләззат Қожахметованың ағылшын пәнінде үйренген сөздері:

- I'm is student. I study English. I like English listen, thank you, very mach, goodbye.

РКС: Әмина Мұсабекова Күміс университетке 2 жыл бұрын келген. Алғашқы жылы дене шынықтыру сабағына ғана қатысып жүрді. Биылдан бастап өзін жаңа қырынан сынап көру үшін тігін сабағына қатысуды ұйғарыпты. Зейнеткер іс тігудің қыр-сырын меңгергеннен кейін тапсырыс қабылдап, табыс табуды жоспарлап отыр.

СНХ: ӘМИНА МҰСАБЕКОВА, КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ ТЫҢДАУШЫСЫ: Сондай ризамын! Неге десең бәрін үйрендім осында. Мынаның бәрін міне істедік. Бірінші машинамен үйретті қалай жұмыс істеу керек екендігін. Қалай сабақтау керек, қалай отыру керек бәрін. Мынаны қараңыздаршы қалай істегенмін. Өзімде сенбймін мен істедім бе деп. Міне көрдіңіздер ма. Достарыма көрсетсем айтады маған да тігіп берші деп. Қазір біз шалбар тігіп жатырмыз өзімізге. Бірінші бәрін сыздық. Өлшейміз өзімізді. Бірімізге-біріміз көмектесеміз өлшеп. Содан кейін мынадай қағазға төсейміз. Сосын барып пішеміз. Жұмысымыз өте қызықты. Сондықтан біз уақытымызды санап жүгіріп келеміз осында.

РКС: Ал Бибігүл Омароваға бұл оқу ордасы жан-жақты әрі белсенді болуды үйреткен. Бастапқыда ағылшын тілін меңгерсе, кейін құқықтық және қаржылық сауаттылыққа ден қойды. Биыл денсаулығын жақсартпақ ниетпен дене шынықтыру курсына қатысып жүр.

ИНТЕРШУМ: "Күміс университет" тыңдаушыларының волейбол ойнауынан фрагмент

СНХ: БИБІГҮЛ ОМАРОВА, КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ ТЫҢДАУШЫСЫ: Дене шынықтыру денсаулыққа пайдалы екенін бәріміз білеміз. Біздің оқытушы Елена Владимировнаға алғысымды білдіремін. Сабақтарды кәсіби деңгейде және біздің жасымызға сай өткізеді. Қимылдай және түрлі-түрлі жаттығу жасау біздің көңіл-күйімізді жақсартады.

РКС: Егде жастағы жандар лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысады. "Күміс университеттің" студенттері курсты аяқтаған соң да білімін шыңдауды жоспарлап отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ