ДИКТОР: Жыл құбылмалы ауа райымен басталды. Жылмық болды, қар жауды, күн суытты. Бұл Көкшетаудың көшелеріндегі қозғалысқа, жүріс-тұрысқа әсер етті. Сондықтан жауапты мекеме жұмысшылары жұмыла жұмысқа кіріскен.
РКС: Қаланың орталық көшелерінде, сондай-ақ Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарындағы қар тазалау жұмыстары басты назарда. Бірақ бұл ретте қаланың қалған аудандары да назардан тыс қалмайды.
СНХ: ВЛАДИМИР КОРОТОВСКИЙ, "КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі таңда, көріп отырғаныңыздай, тротуарлардан қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. 4 бригада жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 2 бригада қар тиегіштермен жұмыс істеуде. Бұл қарды көп мөлшерде жинайды. Бір бригада орталықта жұмыс істейді, ал екіншісі көліктердің жүруіне кедергілер болмауы үшін қиылыстардағы қарды тазалауда.
РКС: Қар тазалау техникасынан басқа, "Көкше Тазалық" серіктестігінде жолдарды инертті материалдармен себуге арналған 4 құм таратқыш бар. Адамдардың да жұмыс күші қолданылады.
СНХ: ТӨЛЕГЕН АЙТМАҒАНБЕТОВ, "КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Міне, біздің жұмысымыз – көшелермен жүріп, қарды тазалаймыз, жаңа ғана Назарбаев көшесін тазалап бітірдік. Біздің жұмыс осындай. Қыста қарды тазалаймыз, жазда қоқысты шығарамыз. Таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін күнде осылай жұмыс істейміз. Ал қарды қаланың сыртына шығарамыз
РКС: Орташа алғанда, тәулігіне жауын-шашын түскен кезде коммуналдық қызметтер шамамен 1000 текше метр қар шығарады. Қараша айының басынан бері қала көшелерінен шамамен 20 мың текше метр қар жиналған. Қызметкерлердің айтуынша, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3-4 есеге аз.
САНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ