ДИКТОР: Көктайғаққа байланысты жол патрульдік полиция күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Жолдағы көлік жүргізушілерін бақылауға түнгі уақытта 57 автопатруль, 114 полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Қараша айында облыста 117 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
РКС: Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында облыс бойынша әр түрлі бағытта 3 рет жол жабылған. Апта басталғалы 42 жол апаты тіркелді. Жылдамдық асыру режимін автоматты түрде тіркейтін жүйелермен 5 мыңнан астам жылдамдық режимін бұзу фактілері анықталды.
СНХ: АРМАН НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол көлік оқиғаларын болдыртпау мақсатында, әр көлік жүргізушілерін жол қозғалысы кезінде көлік құралдарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін, жылдамдық режимін сақтау қажеттілігін ескеріп, қауіпті қашықтықты сақтай отырып, ұқыпты әрі абай болуды ескертеді. Осыған байланысты жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы үкіметтің қаулысына сәйкес, әр көлік жүргізушісі тіртіп бұзған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін 30 айлықтық есеп көрсеткіш мөлшерінде айып пұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
РКС: Күздің соңғы айы қала тұрғындарын құбылмалы ауа райымен таңқалдыруда. Күндіз 0–ден жоғары температу болса, кешке қар аралас жаңбыр жауып қала көшелерін мұзға айналдырған. Айнадай жылтыр көше ішінде тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Келер аптада көкшеліктерді қандай ауа райы күтіп тұр?-деген сұраққа Казгидромет маманы жауап берді.
СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, «КАЗГИДРОМЕТ» РММ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Таяу күндері Ақмола облысының аумағында ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Облыстың басым бөлігінде қар жауады, кей аудандарында қар жауып боран күтілуде. Сондай-ақ, желдің күшеюі 23-28 м/секунтқа дейін, жекелеген аудандарда 30 м/секунтына дейін жетуі мүмкін. Облыстың көп бөлігінде көктайғақ болады деп күтілуде. Сондай-ақ, бүгін түнде ауа температурасы -5 градус аязға дейін төмендейді.
РКС: Апта соңында қыстың алғашқы аяздарын сезінетін боламыз. Ауа температурасы күндіз -15-20 градусқа, ал түнде -22-27 градусқа төмендейді деп күтілуде. Жол полициясы қызметкерлері ауа райының қолайсыз кезеңінде алыс сапарлардан бас тартып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуді сұрайды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ