ДИКТОР: Конституцияға енгізілген түзетулердің нәтижесінде партиялық жүйе қайта ретке келтіріле бастады. Президент Жолдауының аясында былтырғы жылдың соңында әкімдер мен олардың орынбасарлары партия филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет етуге тыйым салатын заң күшіне енді. Сондай-ақ, ел Президенті де бірде бір партияға мүше ретінде тіркеуде тұрмауы тиіс. Бүгінде еліміз бойынша ресми түрде тіркелген 7 партия бар.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық-саяси саланы жаңғырту ел дамуындағы басымдықтың бірі екенін атап өтті. Партиялардың облыстық филиалдары осы бағытта бірталай жұмыс жүргізуде. 10 ай ішінде «AMANAT» партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 2,5 мыңнан астам шағым келіп түсті. Оның 60 проценті шешімін тапты. 1 мыңнан астамына заң шеңберінде консультация берілді. Қалған 35 өтініштің қаралу мерзімі бар.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Биыл «Жол картасы» бойынша 135 шара қамтылған. Бүгінде аталған жоба бойынша қандай бағыттар жұмыс істейді? Біріншіден, бұл жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы табысты арттыру. Жастарға жағдай жасау және туризмді дамыту. Тағы бір бағыт халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әр ауданда «Жол картасы» бар. Ол облыстың жол картасына біріктірілген. Межеленген іс-шаралардың тең жартысы жүзеге асты.

РКС: «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Партия бөлшек сауда салығын 4-тен 2 процентке дейін төмендетуді көтеріп отыр. Тұтастай алғанда, партиялар бір-бірімен және басқа институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, партиялық жүйені жасақтайды.

СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз ортақ алаңдарда бірлесіп іс-шаралар өткізіп, депутаттық корпуспен бірге мәселелерді көтереміз. Жалпы комиссияның мүшесіміз, сол жерде кей мәселелерді бірлесіп талқылаймыз.

РКС: Жалпы алғанда партия жүйесіндегі реформаны өзгерту Қазақстанның жаңғыруының маңызды кезеңі, - деп есептейді партиялықтар.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.