ДИКТОР: Жылу беру маусымы басталғалы бері облыс аумағында 73 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында өңірде «Жатақхана» жедел-алдын алу шарасы өтті.

РКС: Жедел-алдын алу шарасы аясында 20 мобильді топ құрылды, оған төтенше жағдай қызметінің мамандары, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдерінен 120-ға жуық адам енгізілген.

СНХ: ӘДІЛ СИРАЖИДЕН, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Шара өткізген кезде 40-тан астам жатақхана тексерілді. Оның барысында 120-дан астам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері тіркелді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ олармен профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

РКС: Облыс орталығындағы жеке меншік үйлерді аралау кезінде қызметкерлер автономды көміртегі тотығын анықтайты 47 және түтіннен дабыл беретін датчик орнатты. Бұдан бөлек, жылыту пеші бар тұрғын үйлерде 37 мұржа тазартылды.

СНХ: МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Түтінді анықтиайтын датчиктер пеші жоқ үйлерде орнатылады. Көміртегі тотығын ерте анықтау датчиктері қатты немесе сұйық отынмен автономды жылытылатын баспаналарда, жеке меншік үйлерде орнатылады. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына көп көңіл бөлеміз. Олар мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, сондай-ақ жалғыз тұратын адамдар.

РКС: Тұрғындарға үгіт-насихат мазмұндағы жадынамалар таратылды. Онда өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері және тілсіз жау орын ала қалған кезде қандай әрекеттер жасау керектігі көрсетілген.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ