ДИКТОР: Сайлау өтіп жатқан тағы бір өңір - Есіл ауданы. Бұл ауданда жаңа әкім сайланады. Себебі үміткерлердің тізімінде осыған дейін қызмет атқарған әкім жоқ. Жалпы аудандар мен облыстық маңыздағы қалалардың әкімдерін халық таңдауы сайлау мәдениеті жетілдіреді. Осы ретте, тұрғындар барынша белсенді болғаны абзал, - дейді сарапшылар.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бұл Есіл ауданындағы мәдениет үйі. Мұнда № 423 сайлау учаскесі орналасқан. Таңғы 7-ден бастап жергілікті тұрғындар аудан әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда. Жалпы бұл учаскеде 1 мыңға жуық адам дауыс беруі қажет.

СНХ: ҮМІТ БАЙДІЛДИНОВА, № 423 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мен бұл мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін міне әкім сайлауы өтіп жатыр. Жаңа аудан әкімін халық таңдауда. Болашақ әкіміміз ауданымызды одан сайын көркейтеді деп сенеміз.

РКС: Мейрамкүл Көшерова – Есіл қаласының тұрғыны. Осы елді мекенде 10 жыл бойы тұрып келеді. Айтуынша, қала жылдан-жылға құлпыруда. 4 жылдың ішінде елді мекенге шамдар орнатылып, жөндеу көрмеген жолдар жөнделіпті. Бірақ, әлі де шешілмеген мәселелер бар дейді.

СНХ: МЕЙРАМКҮЛ КӨШЕРОВА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Алдағы уақытта, енді сайланып жатыр ғой кім болатыны белгісіз. Сондықтан ол кісіге сәттілік тілеймін. Жақсы нәтиже көреміз деген ойдамыз.

РКС: Жалпы ауданда 35 сайлау учаскесі бар. Оның бірі Ақсай ауылында. № 428 сайлау учаскеде 500-ден астам адам дауыс беруі тиіс.

СНХ: ҚАНАҒАТ КӨЖЕБАЕВА, № 428 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сайлау белсенді өтіп жатыр. Біз таңдаған Әкім өзінің сайлауалды бағдарламасының барлық тармақтарын орындайды деп сенеміз. Ауданымызды одан сайын гүлдендіріп, болашағы зор деп сенемін.

РКС: Сайлау – өте маңызды науқан. Сондықтан тұрғындар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, өз таңдауларын жасап, белсенді болу керек, - дейді тұрғындар.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАРМАХАНОВА, АҚСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен Есіл ауданының тұрғыны әкімге дауыс беруге келдім. Үміт артып отырған әкім үмітімізді ақтайды деп ойлаймын.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Есіл ауданына қарасты 14 ауылдық округте жалпы 28 ауыл бар. Аудан әкіміне 3 азамат үміткер болды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ