ДИКТОР: Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық деңгейі өткен жылға қарағанда біршама жақсарған. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары алдында есеп берген аудан әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсұмханов мәлімдеді. Әрине, жұмыс бар жерде қиындықтар мен кедергілер де орын алып жатады. Құрылыс, сумен жабдықтау, жол жөндеу жұмыстарында міндеттеріне жауапсыз қарайтын мердігер компаниялардың кесірінен кей нысандарды тапсыру уақытынан кешеуілдеп тұр.
РКС: Биыл Есіл ауданындағы бірнеше салада өсім байқалады. Айталық, өнеркәсіп өнімінің көлемі 90, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 48 процентке өссе, құрылыс жұмыстарының көлемі 125 процентке жоғарылаған. Кәсіпкерлік саласында да қарқынды даму байқалады. Қазіргі таңда ауданда 1300-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Ауданда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
СНХ: АСҚАРБЕК МАҚСҰМХАН, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Есіл қаласы Серіков атындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде жобаның құны 828 миллион, 400 миллион. теңге бөлінді. Жоба екі жылдық. "ГрандСтройСервис"мердігерлік ұйымының кінәсінен жұмыстар жоспарланған кестеден артта қалып жүргізілуде. Жұмысты 5-ші қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда. Осыған қарамастан, оқу процесі қаланың басқа мектептерінде ұйымдастырылған және штаттық режимде өтіп жатыр.
РКС: Айта-айта жауыр болған жол мәселесі Есіл ауданында да бар. Елдімекендердің көше-жол желісін жақсарту мақсатында 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Алайда, 4 жоба әлі аяқталмапты. Оған мердігер компаниялардың салғырттығы себеп болып отыр. Сәйкесінше, аталмыш ұйымдарға шарттық міндеттемелерін орындамау бойынша талап-арыз берілді.
СНХ: АСҚАРБЕК МАҚСҰМХАН, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Пәтерлі үйді салған мердігер компания сот арқылы адалсыз деп есептеліп, танылды. Және келесі де ол компания жаңағыдай мемлекеттік сатылым сатып алу шараларына қатыса алмайды. Және де мойнындағы міндеттемелерін орындау сот арқылы белгіленген. Су құбырын жөндеу бойынша мердігер компания ол «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ол енді біздің Есіл ауданында ғана емес, Ақмола облысында басқа да аудандарда жобалар алған. Және ол жобаларға да салғырт қараған өз жұмыстарында. Сол компаниямен де сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр.
РКС: Ал, ауданға қарасты Ақсай ауылының тұрғындары осы айдың аяғында сапалы ауыз сумен толық қамтылмақ. Ол жерде сумен жабдықтау және реконструкциялау жұмыстары аяқталған. Қазір су құбыры тартылып, тіршілік нәрін бөлетін құрылыс кешені салынған, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Заречное және Дальный ауылдарына су тарту үшін «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 416 млн теңге қарастырылған.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ КӨКШЕ ҚПАРАТ