ДИКТОР: Көлік прокурорлары "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» серіктестігі филиалында жұмыс істемейтін 742 қызметкерге 10 миллион теңгеден аса сыйақы мен мен төлемдерді заңсыз аудару фактілерін анықтады.
РКС: Кәсіпорынның Ақмола филиалында қайтыс болған зейнеткерге жеті жыл бойы ақша төленіп келген. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заңсыз төленген қаржыны қайтару шаралары жүргізіліп, тексеріс тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
СНХ: ДАРХАН ДҮЙСЕМБАЙ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» серіктестігі филиалдарында көлік прокурорлары жұмыс істемейтін 742 қызметкерге 10 миллион теңгеден аса қаржыға сыйақы мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады. Мәселен, кәсіпорынның Ақмола филиалында зейнеткер қайтыс болғаннан кейін 7 жыл бойына қаражат төленген. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша заңсыз төленген ақшаны қайтару шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу басталды.