ДИКТОР: Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Нартай Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» атты спектаклін Көкшетау жұртшылығына ұсынды. Көркем туындының режиссері Гүлсина Мирғалиева. Қойылымда алашордашылардың күрес жолы, ерік-жігері мен ұлттық рухы, қиындыққа толы өмірі суреттелген.

РКС: Бұл қойылым ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухын әспеттейтін реквием. Оқиғада Әлиханның қамауда болған соңғы жылдары суреттеледі. Ұлт болашағы жолында жанын қиған Әлиханның өткеннен бүгінге жолдаған аманаты сахна төрінде жақсы көрініс тапты.

ИНТЕРШУМ

СНХ: ТОҚТАМҰРАТ ТІЛЕУ, Н.ЖАНТӨРИН АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бірінші рет Көкшетау еліндеміз. Біз осы жолы Көкшетауға келгеннен бұрын Талдықорған қаласында театр фестиваліне қатысып одан үздік ер адам деген марапатты алып келіп отырмыз. Бесінші арт фестивалі осы Көкшетауда ұйымдастырылған соданда құр қол кетіп бара жатқан жоқпыз. Сол үшін жақсыны көрмеске дейді. Барша Көкшетау жұртын руханиятқа шақырамыз.

РКС: Қойылымда қатысатын кейіпкер саны көп емес. Бірақ, сахнадағы қозғалыс сол қилы кезеңді көз алдыңа келтіргендей. Басты кейіпкер екеу ғана. Бірі Әлихан Бөкейханов пен тергеуші. Осындай ой қозғайтын ұлттық дүние көбірек сахналанса,-дейді көзі қарақты көрермен.

СНХ: ДІНМҰХАММЕД КЕНЖЕБЕК, КӨРЕРМЕН: Әлихан Бөкейхановтың тарихтағы алар орнына байланысты көптеген оқиғалар болуына байланысты кәсіби тарихшы ретінде ғылыми тұрғыдан ғана ақпарат беріп отырмыз. Енді қазіргі таңда қазақ жастарына Қазақстан азаматтарына Әлихан Бөкейхановтың ғылыми еңбектерін оқып жатпағанын байқаймыз. Енді бұл театрда қойылым ретінде қойылуы алдағы уақытта осыАлаш қайраткерлеріне деген қазіргі жастардың арасындағы қызығушылығын арттыруға үлкен бір үлесін қосады деген ойдамын

РКС: Халқы үшін жанын пида еткен, ұлты үшін басын бәйгеге тіккен нар тұлғаға арналған туындының айтары көп.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ