ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясымен бірлесіп азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту және ғылыми ақпаратпен алмасу мақсатында 14-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ол «Өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларды жою және алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналды.
РКС: Конференцияға қатысушыларды Азаматтық қорғаныс академиясының бастығы, полковник Ерлан Әлібеков құттықтап, сөз алды. Ол 14 жыл бойы қатар өткізіліп отырған бұл бас қосу төтенше жағдайлар саласындағы мәселелер бойынша ғалымдар мен практиктер арасындағы қарым-қатынастың дәстүрлі алаңына айналғанын атап өтті.
СНХ: ЕРЛАН ӘЛІБЕКОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан конференциялардың тәжірибесі автоматтандыру, ақпараттандыру және қауіпсіздік қызметінің әртүрлі жүйелерін біріктіру саласындағы мамандар үшін практикалық пайдалылығын көрсетті. Апаттардың, өрттің және басқа да қауіпті құбылыстардың пайда болу процестерін модельдеу және алдын алуға үлкен тәжірбие. Қазіргі уақыт жаңа технологиялар мен инновацияларды мақсатты түрде дамытуды талап етеді.
РКС: Конференцияда өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесі үшін білікті кадрларды даярлау мәселелері туралы айтылды.
СНХ: ЕРНАР ӘКІМБАЕВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Жалпы алғанда, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесі тек шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыс емес, бұған ғылымды да жұмылдыру керек. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы үш жылда гранттық қаржыландыру мен мақсатты бағдарламаны қаржыландыруды жеңіп алды. Осының аясында зерттеулер жүргізілуде, бұл жағдайда Азаматтық қорғаныс академиясы жылжымалы қорғаныс құрылымдарын әзірлеуде.
РКС: Конференция қорытындысы бойынша министрліктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін тарта отырып, конференциялар өткізу тәжірибесін жалғастыру және ғылыми, білім беру қызметі саласындағы шығармашылық байланыстарды одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды. Академияның оқу үдерісіне отандық және шетелдік ғалымдардың конференцияда ұсынған идеяларын енгізу де сөз болды.
М.АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ