ДИКТОР: Ал ақмолалық боксшы Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде тайпейлік қарсыласынан есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ұлттық арна тілшісі Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елдімекенінде тұратын спортшының үйіне арнайы барып, ақтық мәрені бірге тамашалады.
ИНТЕРШУМ
КСМ: Карина қатысқан төрт жекпе-жектің бірін жібермей көріп, тақымын қысқан ата-анасы қызының жеңісіне сенімді болғанын айтады. Өйткені, Карина бала кезінен алған бетінен қайтпайтын,-дейді олар. Дүбірлі додада ел үмітін ақтаған ақмолалық спортшы бокспен 15 жасынан бері айналысып келеді. Айта кетейік, осыған дейін Карина Азия ойындарында Солтүстік Корея және Моңғолия елдерінен келген қарсыластарын 5:0 есебімен жеңіп, Париж олимпиадасына жолдама алған болатын.
СНХ: ХАБИР ИБРАГИМОВ КАРИНА ИБРАГИМОВАНЫҢ ӘКЕСІ: Өте еңбекқор. Карина алған бетінен ешқашан қайтпайды. Бірде-бір жаттығудан қалған емес. Спорт болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Ең бастысы өзіне деген сенімді жоғалтпау керек. Қызымның бұдан да үлкен белестерден көрінетініне сенімдімін.