ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын. Ондағы мақсат жер заңнамасын жетілдіру, жер учаскілерін берудегі тәртіп пен үрдісті жеңілдету және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексі 44-2 бабпен толықты. Бұл бап жер учаскелерін беру кезіндегі жаңа электрондық тәртіпті реттейді.

РКС: Заңнамадағы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес еліміздің 88 қаласында жер телімдері жаңа жоба аясында беріледі. Бұл жобаға Ақмола облысының 11 қаласы енген. Жаңа тәртіпке сай жеке және заңды тұлғалар жер телімін алуға өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бере алады. Сондай-ақ, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру мақсатында мемлекеттік корпорация «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік» кадастры» атты ақпараттық жүйесін іске қосты.

СНХ: МАРАТ МАХМЕТОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңашылдықтар мен өзгертулерге сәйкес, бұрын бізге жер актісі берілсе, бұдан былай жер кадастрлық төлқұжаты берілетін болады. Сондай-ақ, жылжымалы мүлікке берілетін техникалық төлқұжат та осы жер кадастрлық төлқұжатына алмастырылды. Бірден айта кетейін, жер телімін берудегі жаңа тәртіп республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда ғана қолданылады. Басқа елді мекендерде бұрынғы ереже сақталады.