ДИКТОР: Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Думан Әбілев мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары туралы айтып берді. Іс-шараға өңірдің жергілікті атқарушы органдарының мамандары шақырылды.

РСК: Үміткерлермен әңгімелесу салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтеді. Құжаттарды қабылдау онлайн режимінде жүрізілді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша президенттік жастар кадр резервіне 300 адам, ал 2021 жылы 50 адам қабылданды. Бүгінгі таңда 350 адамның 265-і жұмысқа орналастырылды. Бұл резервшілердің 76%.

СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап президенттік Жастар кадр резервін қалыптастыру жүргізілуде. Бұл жобаның негізгі миссиясы өңірдің және жалпы елдің дамуына елеулі үлес қоса алатын ең дарынды, жас мамандарды мемлекеттік қызмет қатарға қосу. Резервке қабылдау үшін үміткер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Бірінші кезекте ҚР азаматтығы, жоғары білімі, жалпы еңбек өтілімі кемінде бес жыл болуы тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білуі керек.

РКС: Іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттарға жеке нөмір беріледі. Бағалаушылар үшін жеке тұлға белгісіз болады. Осылайша, қойылатын талаптарға сай қатысушылар іріктеу кезеңінен өтеді.

СНХ: ЗАМИРА ДОСКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Біздің Президентіміз айтқандай, бүгін бізге әр түрлі саладағы жаңа формацияның басқару тобы қажет. Ол жауапкершілігі жоғары және стандартты емес тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын болу керек. Дәл осындай адамдар біздің елімізді дамытуға қабілетті немесе қазіргі уақытта біздің халыққа қажет нәтиже бере алады. Президенттік Жастар кадр резерві бұл сіздің жеке және кәсіби қасиеттеріңіз бен дағдыларыңызды көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен мүмкіндік. Сондықтан мен әрқайсыңызды осы жобаның бір бөлігі болуға шақырамын. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз және мәлімдеме жасаңыз.

РКС: Іріктеу алты кезеңнен тұрады. Ол 1 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін өтеді. Соңғы кезеңнен кейін Ұлттық комиссияның шешімімен президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ