ДИКТОР: Облыс орталығында стихиялық полигондар қалыптасуда. Тұрғындар үйлерінің алдында қоқыстың жайылуын көруге мәжбүр. Желдің әсерінен қоқыс ұшып, жағымсыз иістер шығарады. Біздің түсірілім топ қаланың бірнеше ауласына барып, ондаған мәселенің басын ашып келді.

РКС: Шілде айының соңында Юбилейный көшесінің аулаларының біріндегі контейнерлердің жанындағы қоқыстың ұйіліп жатқаны туралы хабарладық. Тұрғындардың өтінішіне жауап берілді, қоқыс шығарылды. Аулада тіпті контейнерлік алаңдарды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс басталды. Бірақ тағы да сол жерде адамдар ескі жиһаздар мен қаттық тұрмыстық қалдықтарын шығарып үлгерді.

БЛИЦ:

– Нормально. Чище, да. Иногда бывает куча, но вовремя убирают. Тут вони нет. Чистота, порядок, убирают.

– Тут вообще куча была, забрали ее. Мы позвонили, сказали там деревья, не наш мусор. А так убирают. Каждый день, хоть бывает, и поздно приезжают, но убирают.

– У нас еще много людей, которые собирают, например банки из-под пива, бутылки. Они оттуда все выкидывают. Ну и люди сами конечно. Кто-то докинет, кто-то не докинет, кто-то не донесет.

РКС: Ал Назарбаев 27 және 29 мекен-жайындағы үйдің ауласында қоқыс үйіліп жатыр. Контейнер алаңы келесі аулада орналасқан, көбінесе тұрғындар қоқыс пакеттерін жеткізбей, жол бойы тастап кетеді. Жануарлар мен құстар оны шашады-ау кеп. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жаза қарастырылған. Ол бойынша биыл 2 мыңнан астам хаттама толтырылған. Алайда, заңбұзушылық тыйылар емес.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы Көкшетау қаласы бойынша биылғы жылы қоқыстарды шығару бойынша 4 мердігер ұйымен келісім шарт жасалды. Мердігерлер Көкшетау қаласы бойынша контейнерлерді алңдардан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар ірі көлемдегі қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізуде.

РКС:Тұрмыстық қатты қалдықтарға жатпайтын ірі көлемді қоқыстарды бөлек шығару керек. Бұл құрылыс қалдықтары, Тұрмыстық техника, қажетсіз жиһаз. Көбінесе бұл қоқыс жәшіктерінің маңайына тасталады. Ебедейсіз тұрған зат қоқыс тасымалдаушыларға да кедергі келтіреді.

СНХ:ДУСЛАН АХМЕТОВ , «TAZA QYZMET» ЖШС БАСШЫСЫ: Қоқыс шығару үнемі, күнделікті жүргізіледі. 800-ден астам контейнерлермен жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ соларды бояуды, жуумен айналысамыз. Тарифті өткен жылы мәслихат бекітті. Абаттандырылған үйлерден 500 теңге, жеке сектордан 580 теңге. Оны біз бірінші тамыздан бастап қолданамыз. Егер жөндеу қалдықтары болса, кірпіш контейнерге лақтырылады бұл біздің жұмысымызды қиындатады, техникамыздың бұзылуына әкелуі мүмкін.

РКС: Тұрғындардың қоқысты шығару және жинау үшін ақы төлеу бойынша берешегі көп. Қаражаттың жетіспеушілігі қаланы таза ұстау қабілеті мен күнделікті шығындарды өтеуге теріс әсер етуі мүмкін.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛИШЕР ШАКУБАЕВ, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ