ДИКТОР: Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін облыс орталығында түрлі жазғы лагерьлер жұмыс істеп тұр. Солардың бірі экосаябақ аумағында орналасқан «Арлан» күндізгі әскери-спорттық лагері.

РКС: «Арлан» әскери-спорттық күндізгі лагері екінші жыл қатарынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда белсенділік танытуда. Бұл жерде түрлі оқу-танымдық, спорттық-ойын-сауық шаралары өткізіледі. Калашников автоматын бұзып, жинауды да дәл осы жерде үйренеді. Алғашқы медициналық көмектің әліппесіне де машықтанады. Адасып қалған жағдайда карта бойынша жергілікті жерді бағдарлауды да меңгереді балалар. Сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған тренингтік бағдарламалар да ұйымдастырылады.

СНХ: АЗАМАТ МӘЖИТОВ, КРАСНЫЙЯРДАҒЫ № 1 ОРТА МЕКТЕБІАЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢМҰҒАЛІМІ: Экосаябақтағы лагерьге қызығушылық танытатындардың қатары көп. Бірақ, бәрін бір мезетте қабылдау мүмкін емес. Шамамыз келгенше осындағы балаларды бағдарламаға сәйкес баулимыз. Ұл болсын, қыз болсын әскери тәртіптің әліппесін білуі тиіс. Балалардың ынтасы қуантады.

ИНТЕРШУМ: балалардың автоматты бұзып-жинау сәтінен үзінді

РКС: Қазір лагерьде екінші ауысымға келген балалар демалысын өткізуде. Ауысымның ұзақтығы-5 күн. Биылбұл жерге қала мектептерінен 12 мен 17 жас аралығындағы 40-қа жуық оқушы келуге ниет білдіріпті. Таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін уақыттарын тиімді өткізеді.

СНХ: КАТОЛИНАЗЕЛЕНАЯ,ЛАГЕРЬГЕ КЕЛУШІ: Маған жазғы лагерь қатты ұнап жатыр. Уақытымыздың негізгі бөлігін экосаябақта, таза ауада өткіземіз. Ашық аспан астында түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереміз. Таңертең келген бетте жеңіл таңғы ас береді. Түскі асқа 6-шы мектептің асханасына барамыз. Жазғы демалыс орны толығымен көңілімнен шығып жатыр, себебі мен осында көп жаңа достар таптым.

РКС: Балалар өз уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізіп жатқандарына қуанышты. Лагерьдің бағдарламасына сәйкес ұйымдастырушы педагогтартәлімгерлер мен қосымша білім беру мұғалімпдері қызықты танымдық ойындар арқылы балаларды түрлі әдістерге машықтандыруда.

СНХ: РАМАЗАН ЛЕКЕРОВ,ЛАГЕРЬГЕ КЕЛУШІ: Біз лагерьде уақытымызды өте қызықты өткізіп жатырмыз. Күні бойы тамақтанып, ойнап, орманның ішін аралап серуендейміз. Осында бізге алғашқы әскери дайындық мұғалімдері қару-жарақты жинап, бөлшектеуге үйретеді.Әскери дайындықтар жасаймыз және бүгін біліп-үйренгенімізпайдамызға жарайтынына сенімдімін.

СНХ: АЛЕКСАНДРА ИГНАТЬКОВА, ЛАГЕРЬГЕ КЕЛУШІ: Лагерь көңілімнен шығып жатыр. Бұл лагерь мінез-құлқымызды тәрбиелеп, бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйретеді.

РКС: Балалар мектепке барған кезде жазғы демалыстарын сағынышпен еске алатындарын айтуда. Себебі, осында олар жаңа достар тауып, бір-біріне бауыр басып қалды. Бақытты балалық шақ осы болса керек...

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ