ДИКТОР: Мемлекеттік тілді дамытуға этномәдени бірлестіктер белсенді атсалысуы қажет. Сондықтан, өңірде қазақ тілін оқытуға арналған кабинеттер ашылып жатыр. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында Ермек Маржықпаев атап өтті. Жиын барысында ұлтаралық келісім мен татулықты сақтауға үлес қосып жүрген жандар марапатталды.
РКС: Еліміздегі ұлтаралық келісімді сақтауда ассамблеяның алар орны ерекше. Қазақстанды мекендеген сан этностың басын біріктіріп отырған ұйым жыл басынан бері 500-ден астам іс-шара өткізген. Алда әлі орындайтын жоспар көп. Оның басым бөлігін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 32-ші сессиясында жүктеген болатын. Сондықтан өңірлік қоғамдық институт өкілдері де бұл іске білек сыбана кірісуі керек деді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев.
СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Құрметті Ассамблея мүшелері соңғы бірнеше жыл ішінде елімізде мемлекеттіліктің нығайтуға халықтың әл-уақатын арттыруға бағытталған саяси және қоғамдық өмірде көптеген түбегейлі өзгерістер орын алуда. Барлық саясм реформаларды іске асырудың алғашқы күндерінен бастап Ассамблея мүшелері қолдау білдіріп, бірліктің шынайы үлгісін көрсетті. Бұл барша қазақстан халқының шынайы болмысын бәріміз бір отбасы екенімізді бәріміз тағы бір
РКС: Ассамблея мүшелеріне Ермек Маржықпаев жұмыстарды жандандырып, нақты жобаларды жүзеге асыруды жүктеді. Сонымен қатар барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау қажет екенін айтты. Қазақ тілін туған тіліндей меңгерген неміс ұлтының өкілі Карина Роот. Ол қазір Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінде оқушыларға тәлім-тәрбие беріп жүр.
СНХ:КАРИНА РООТ, С. ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ № 18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Менің басты мақсатым балалардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықты сіңіру.Сонымен қатар тілге деген сыйластықтарын арттыру.Өзім балалық шағымнан бастап қазақ тілін меңгердім.
СНХ: НИКОЛАЙ ДУРАЧЕНКО, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Әрқашан қазақ тілінен білімімді жетілдіріп жүрдім. Әкем де қазақ тілін жетік меңгерген.Қазақ халқы айтады ғой «Бірлік бар жерде-тірлік бар» деп. Қазақстан халқының барлық этнос өкілдерінің құқықтары тең сақталып,достығымызды нығайтып,ел жастары жауапкершілікті сезініп биік шыңдарға қол жеткізуде.
РКС: Сондай-ақ, жиын барысында Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы мен жоспары талқыланды. Бұдан бөлек, облыстық Ассамблея құрамына тағы 13 адам қабылданды. Олардың қатарында Күштік спорт түрлері бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, елімізге танымал палуан Сергей Цырульников бар. Сессия отырысы өңірдегі татулық пен бірлік, қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жүрген белсенділерге алғыс хаттар табысталды.
ИНТЕРШУМ: марапаттау
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ