ДИКТОР: 2022 жылғы Азия ойындарының алауы бүгін Қытайдың шығысында, Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында жағылды. Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.Ойындар 2023 жылдың 23 қыркүйегінен 8 қазанынан дейін Ханчжоуда өтеді. Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Ханчжоудағы ойындардың спорттық бағдарламасында 40 спорт түрі, 61 дисциплина және 483 іс-шара енген. Киберспорт пен брейк-денс жарыстары Азия ойындарында алғаш рет өткелі жатыр. Құрлықтық додаға Азия елдерінен 12 мың адам қатысады, соның ішінде Қазақстан спортшылары да бар.