ДИКТОР: "Әскердегі бір күн." Осындай атаумен Көкшетаудағы 55/10 әскери бөлімінде мектеп оқушыларына арналған акция өтті. Балалар ұлттық ұланның қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шараны Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері департаменті мамандары ұйымдастырған.

КСМ: Акция "Әскердегі бір күн" деп аталса, оқушылар апта басынан бері әскери бөлімнің қызметімен танысып жүр. 10 сынып оқушысы Шыңғыс Мүзенбаев мектебінде взвод командирі. Ол өзінің сыныптастарымен бірге әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруге асық.

СНХ: ШЫҢҒЫС МҮЗЕНБАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Маған "АК-47" автоматын бұзып-жинау ұнады. Жүгірдік, жаттығулар жасады, сап түзеп жүрдік, бұйрықтарды орындадық. Алғашқы қорғаныс әдістерімен, жедел медициналық көмек көрсету жолдарымен таныстық.

КСМ: Оқушыларға 4 негізгі оқу нысаны ұсынылған. Техника, қару-жарақ, ит баптаушылардың жұмысы көрсетілген. Әскери қызметшілер оқушылармен барынша тәжірибесімен бөлісуге тырысты.

СНХ: АСХАТ ӘЙТЕНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Ақмола облысы аумағындағы орта мектептерінің оқушылары жиналды. Іс-шара әскерге шақырылғанға дейін жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу үшін қажет. Азаматтар әскерге шақырылғанға дейін, сарбаздардың тыныс-тіршілігі қандай екенін білуі тиіс.

КСМ: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Қорғаныс министрлігі 2025 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын және Қарулы Күштердегі идеологиялық жұмыс жоспарын іске асырып жатыр.