ДИКТОР: Көкшетауда жаңадан төселген асфальттың сапасына сараптама жасалады. Облыс орталығына қарасты елдімекендердегі жолдардың сапасы да назардан тыс қалмайды. Қазір сынама алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бүгінгі таңда қаламызда 30 км асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен жол-құрылыс материалдарын тиімді қолдану мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесімен сынама алынып тексерілуде. Жұмыстардың жоба бойынша жауапты мамандар күнделікті бақылауда. Жобаға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

ИНТЕРШУМ: асфальтті тексеруден көрініс

РКС: Жол сынамалары құрылыс барысының барлық кезеңдерінде алынады. Асфальтқа ғана сараптама жасалмайды. Сондай-ақ, астына төселген қиыршық тас белгіленген қалыңдықта, тиісті көлемде болуы тиіс.

СНХ: ЕВГЕНИЙ РЕШЕТНЯК, "ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" Ақмола облысы бойынша филиалы мен Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арасында жасалған келісім-шарт шеңберінде сынама жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта зертханада одан әрі сынақтан өткізу үшін асфальт-бетон жабындысынан үлгілер алынып жатыр. Бүгінде келісім-шарт бойынша 40 сынама алынды. Тапсырыс берушімен бірлесе 15 тексеріске шықтық.

РКС: Алынған сынамаларға сараптама жасалып, нәтижесі жарияланады. Жолдарды қалпына келтірудің барлық кезеңдері мамандардың назарында. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, биыл жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қаланың көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсармақ. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ