ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі жұмыс сапары барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Зүлфия Сүлейменова облыс бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Экология, орман, су, балық шаруашылығын дамыту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
РЗК: Ведомство басшысы облыстың тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесті. Жетекшілік ететін салалардың дамуы туралы айтып берді. Зүлфия Сүлейменова экологиялық статистика жайлы журналистермен бөлісті.
СНХ: ЗҮЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: 1 тоқсанда республика бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 0,5 млн тоннаға жетті. Оның ішінде Ақмола облысында 36,2 мың тонна, бұл 2022 жылдың 1 тоқсанындағы деңгейден 2,4 пайызға төмен. Бұған қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді. Ақмола облысында экологиялық проблемаларды шешудің жол картасында 30 іс-шара қарастырылған. Оның 3-і орындалды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының көбеюі мәселесі әсіресе елордада алаңдатады. Ғарыштық мониторинг аясында биыл облыста 830 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындары анықталып, оның 88%-ға жуығы жойылды.
РКС: Халықты ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Көкшетау топтық су құбырын қайта құру, құрылыстың үшінші кезегі» жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында Көкшетау, Щучинск қалаларының, маңындағы елдімекендер үшін қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз суға қол жеткізеді.
СНХ: ЗҮЛФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: Жобаны биыл аяқтау жоспарланып отыр. Ол жүзеге асса 2 елдімекенді қамтамасыз етуге және 7 ауылда 179,6 мың адамнан бастап халық үшін ауыз су сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Орман шаруашылығы саласында Президенттің 2 млрд. түп ағаш көшетін отырғызу жөніндегі бастамасы аясында биыл 7569 гектарға 35,3 млн. түп ағаш отырғызу жоспарланған.
РКС: Сондай-ақ, облыста сұрыптау желілері бар қатты тұрмыстық қалдықтардың 7 полигонын салу жоспарланып отыр. Жоспар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталды. Целиноград ауданында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу негізінде құрылыс материалдарын өндіру цехын салу да жоспарланған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ