ДИКТОР: «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған экологиялық акция барысында 30-дан астам шырша көшеті отырғызылды. Облыс орталығын көгалдандыру шарасына қоғамдық даму орталығының, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының қызметкерлері атсалысты.
РКС: Қаланы абаттандыруға байланысты ауқымды шаралар әр шағын ауданда ұйымдастырылуда. Мұндай экологиялық акция шаһар көшелерін қоқыстан арылту, су қоймаларын тазалау, көгалдандыру жұмыстарымен қатар жастарға қоршаған ортаны аялау тұрғысында тәрбие беруге бағытталған.
СНХ: АЙДЫН РАЙЫСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін ауа райы тамаша. Біз шырша отырғызып жатырмыз. Былтыр да осы акция аясында 10-нан астам шырша отырғызылған болатын. Бұл бір игі іске айналғандай. Акцияға қатысқандардың бәріне алғысымды білдіремін.
ИНТЕРШУМ: көшеттер отырғызу
СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Ішкі саясат басқармасы осындай жақсы бастама көтерген екен. Табиғат-Анаға бей-жай қарамайтын жандар атсалысып жатыр. Бұл жерде бос уақытты жақсы өткізуге барлық жағдай жасалған. Одан артық не керек?Қашан да алға ұмтылуымыз керек. Біздің қала ең көрікті шаһар деп айтар едім. Мейлінше Ақмола өңірін жасыл желекке айналдыруымыз керек.
РКС: Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай экологиялық акция әліде жалғасын табады.
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, РАХАТ САЛЕЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.