ДИКТОР: Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор Қаныш Сәтпаевқа арналған ғылыми конференция өтті. Мектеп оқушылары тұлға туралы ізденіп, дайындаған жобаларын ұсынды. Сондай-ақ, ғалымдар геологтың өмірбаяны мен еңбек жолындағы зерттеулерін баяндады.

РКС: Мектеп қабырғасында «Ғылым-күнделікті өмірде» атты конференция өтті. Оған ғалымдар, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Қатысушылар ғалымның өлшеусіз үлесі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, оның геология саласына сіңірген еңбегін айтты. Іс-шарада мектеп жасындағы жастарды тәрбиелеудегі ғылымның маңызы тақырыбы да көтерілді.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаған, көрнекті геолог ғалымымымыз. Қазақ балаларына арналған алгебра оқулығының авторы. Болашақта ғалымдар, зерттеушілер шығады. Сондықтан мектеппен университет арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

СНХ: КАРИМИ КАНИТАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-Қазақстанда ғылымның негізін қалаушы. 12 сәуір оның туған күнінде, еліміз Ғылым күнін атап өтуі кездейсоқ емес.Бүгінгі ғылыми конференция жарқын болашаққа айқын қадам.

РКС: Ғалымдардың қатысуымен өткен жиында ауыр металдардың адам ағзасына тигізетін әсері де тыңдалды. Өз жұмыстарын ұсынған қатысушылар ғылымның қоғамдағы маңызын айтты. Балалардың назарын аудару үшін күнеделікті өмірде кездесетін жайттармен бөлісіп, қызықтырды.

СНХ: АРУЖАН ӘРНАШ, №4 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Осындай іс-шараның көп болғанын қалаймын. Бүгін Қаныш Сәтпаев туралы көп мәлемет алдым. Қайда туылып, оқығаны, қайда жұмыс істегені +скл+және геология туралы көп нәрсе ұқтым.

РКС: Сондай-ақ, конференция барысындамектепке Қаныш Сәтпаев есімі берілетіні мәлім болды. Енді оқушылар математика және жаратылыстану бағытын терең меңгереді.

АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ