ДИКТОР: Биыл Ақан Сері Қорамсаұлының 180 жылдығы. Ақын, әнші әрі сазгер Ақмола өңірінің Үлкен Қоскөл аумағында дүниеге келген.Атаулы датаға орай еліміз бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Әншіліктің ақтангері - Ақан сері. Дәл осындай атаумен облыс орталығындағы 14-ші мектептің оқушылары әдеби-сазды кеш өткізді.
РКС: Ақан сері өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Жасында айналасына әнші-күйші жастарды жинап, ел аралаған. №14 орта мектебінің оқушылары Ақан серінің 180 жылдығына орай шараға жақсы дайындалыпты. “Ақтоқты” есімі Ақан серінің шығармаларында көп кездеседі.
ИНТЕРШУМ: «АҚАН СЕРІ – АҚТОҚТЫ» пьесасының көрінісі
СНХ: ЖІБЕК ЖАМАТАЙ, №14 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Ол кісі қазақ елінің ақыны, әншісі, сазгері. Қойылымды жоғары деңгейде қоя алдық және монологты керемет деңгейде орындап шыға алдық деген ойдамыз. Бәріміз бірге ат салыстық.
РКС: Мектеп оқушылары арасында қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу. Ұлттық өнерге баулу. Бұл тұрғыдан келгенде қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі шығармашылық байланыс пен әріптестікті нығайтуға зор үлес қосып келеді. Ақан сері тұлғасының тарихи әрі мәдени маңызын насихаттау. Қазақ халқының мәңгілік музыкалық қорына енген ақынның мұрасын кеңінен таратуды да көздеп отыр.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Міне № 14 орта мектеп Ақан серінің 180 жылдығына арнап әдеби сазды шара өткізді. Балалар өте жақсы дайындалған. Үлкен дайындықты көрсетті. Тәрбиелік мәні зор жақсы әдеби сазды шара өтті деп толық айта аламын.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Бүгін Ақан сері атамызға балалардың ұйымдастыруымен кеш өтті. Куәсі болдық. Өскелен ұрпақ бабаларымыздың өлеңдерін жаттап, осылай насихаттап жатса. Бұл біздің жастарымыздың өскені деп білеміз.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ