ДИКТОР: Еліміздің сайлау жүйесі егемендігімізбен бірге дамып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бастамалардың бірі – сайлау жүйесін жетілдіру. Онда азаматтардың құқығын толық қамту үшін сайлаудың аралас жүйесі ұсынылды.

РКС: Реттелген сайлау жүйесі кез-келген азаматқа таңдау еркіндігін және оңтайлылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанның қазіргі заманғы сайлау жүйесінің қалыптасуы 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумның қабылдануымен тығыз байланысты.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: 30 жылдан астам сайлау жүйесінде жақсы бір жетістіктерге жеттік. Бұл жерде халықаралық ұйымдардың да ықпалын айтып кету керек. Сайлау туралы Заң және Кодексті қабылдағанда халықаралық тәжірибеге сүйендік. Бізге осындай халықаралық мектеп керек болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалырының арқасында көптеген өзгерістер орын алып жатыр.

РКС: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси-институционалдық жүйенің өзгеруіне бұрынғы сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасының қайта құрылуына алып келді. Сайлау туралы заң 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда ұсынылған. Үміткерлердің барлық санаттары үшін екі деңгейлі мажоритарлық жүйе орнатылған.

СНХ: ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Алдағы сайлауда бір мандатты депутаттар яғни ауданның қаланың ешқандай партияға кірмейтін белсенді азаматтар. Бірақ бұл азаматтардың өзіндік көзқарасы мен ұстанымдары бар. Жаңадан сайланатын депутаттардың ерекшелігі жолдауда Президентіміз атып өткендей жас буын келеді. Жаңа көзқарас пайда болады.

РКС: Можаритарлы сайлау жүйесі жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Қазақстандық сайлау жүйесін қалыптастыру процесін талдау тек сайлау саясатын зерделеу үшін ғана емес, трансформациялық саяси өзгерістердің мәнін бағалау үшін және саяси жүйені одан әрі демократияландыру перспективалары үшін де маңызды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ