ДК: Облыс орталығында жетінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биыл ғылыми жиын филология ғылымдарының докторы, профессор Оғаз Сұлтанияевтің 85 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған шетелдік ғалымдар, еліміздегі филология саласының өкілдері және лингвистика бағытын зерттейтін оқытушылар жиылды.
РКС: «Сөйлеу мен тілдегі сөз: филология ғылымындағы қазіргі зерттеу» конференциясы дәстүрге айналған ғылыми жиын. Биыл ол Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе өткізілді. Конференцияның мақсаты-филология ғылымының болашағын талқылау және заманауи зерттеулердің басым бағыттарын айқындау.
СНХ: БӘРИЯ ЖАХИНА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Өзі басқарған тіл білімі кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы бүгінгі конференцияның ұйымдастырылуына, жүргізілуіне бас болып отыр. Оғаз аға Қазақстанның ғылыми әлеміне, дүниесіне кеңінен таралған адам. +++Сөз танушы ғалым, шоқантанушы ғалым, Шоқанның тілдік тұлғасын танушы ғалым.
РКС: Конференцияда тіл біліміндегі тенденция және әдебиетті оқытудағы заманауи тәсілдер тақырыбына сыни талдау жасалды. Олар мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын және неміс тілінде диссертациялар қорғалды. Баяндамалардың басым бөлігі Оғаз Сұлтанияевтің ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесіне бағытталды. Белгілі тұлға өңірдегі көне оқу орнының қабырғасында 40 жылға жуық қызмет еткен. Қатардағы қарапайым оқытушыдан жоғары оқу орнының жетекшілік қызметіне дейін жетті.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Оғаз Арыстанғалиұлының зерттеу объектілері өте үлкен болатын. Көп жылдар бойы өзінің ғылыми еңбегін біздің ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың шығармашылығына арнаған. Оның ғылыми аясы өте үлкен. Ол ономастика, топонимика жалпы тіл білімі саласында көп сабақ берді. Ол кісілердің мұрасы өлмейді өйткені, қалдырған үлкен еңбектері, шәкірттері бар. Ол кісінің атында аудитория, үлкен кабинет бар. Ол кісінің еңбектерін барлық жерде қолданып жатады. Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді.
РКС: Конференцияға қатысушылар лингвистикадағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ