ДК:Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып тіркелген 6 адам құжаттарын алды. Олардың арасында кәсіпкерлер, саяси партиялардың өкілдері, қоғам белсенділері бар. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен бір мандаттық тәртіппен ұсынылғандар барлық талапқа сай келді. Қабылдау комиссиясының мүшелері тапсырған әр құжатты мұқият тексерген, ескертулер, заңға сай келмеу деректері болмапты. Ал ұсынылған кандидаттардың жалпы саны – 13. Олардың қатарында саяси партиялардың атынан қатысып жатқандар да, өзін-өзі ұсынғандар да бар. Қазіргі уақытта өзге үміткерлердің құжаттарын тексеру жалғасып жатыр. Кандидаттарды тіркеу 18-інші ақпанда аяқталады. Одан кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады. Ал жалпы ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына бірмандаттық тәртіппен Ақмола облысында 902 кандидат ұсынылған.
СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кандидаттар барлық талаптарға сай келді. Сонымен қатар негізгі талаптардің бірі декларация тапсыру болатын. Ол құжатты да тапсырды. Барлығы заңға сәйкес тексерілді. Үміткерлер тиісті жарнасын төледі.