ДК: Ауғанның отты жылдары. 15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Осы датаға орай қазір "Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы" қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы жастармен түрлі кездесулер ұйымдастыруда. Сондай іс-шараның бірі азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіндегі болашақ құтқарушылармен өтті. Кездесу барысында экспонаттар қойылған шағын көрме де ұйымдастырылды.

РКС: Қоғамдық бірлестіктің өңірлік төрағасы Дуанбай Ыбырай болашақ құтқарушылар алдында сол бір отты жылдар туралы естеліктермен бөлісті. Жастардың бойында патриоттық сезімді оятуда осындай іс-шараның маңызы зор,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ ОДАҒЫ»ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл біріншіден жастардың тарихты білу, мына жастар елімізде болған оқиғаларды білу керек. Сондықтан да жастарға осындай кездесулер маңызды. Біз 10 жылға созылған соғыстың қаншама қиыншылықтарын көрдік. Бүгінде жастарымыз біз көргенді олар көрмесін дейміз. Біздің айтқан-көргеніміз өзі жеткілікті.+скл+Бастысы+скл+еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз.

РКС: Кездесуге келгендерге облыстық тарихи-өлкетану мұражайы шағын көрме ұйымдастырды. Ауған соғысының отты жылдарын бейнелейтін 40-тан астам экспонат қойылған.

СНХ: ГҮЛДЕН АҚҚОШҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Мұның барлығы тарихи жәдігерлер. Негізінен бұлар бізге Ауған соғысының мұражайынан әкелген. Қазіргі таңда олардың барлығы біздің қорға жіберілді.Бүгін осы себепті арнайы әкеліп отырмыз жастарға. Ақмола облысының ауған соғыс ардагерлерінің қатысқан кездегі фотосуреттері, еңбектері,қолданған заттары көрсетілді. Жалпы, деректерге сүйенсек 1113 ақмолалық соғысқа қатысқан.78-79 жылдар аралығында.

РКС: Колледж директоры Әскербек Төлебаев болашақ құтқарушыларға қателіктерге бой алдырмау қажеттігін айтты. Болашақ жастардың қолында. Сондықтан ерік-жігері мықты маман болып қалыптасу үшін ең бастысы жақсы оқып шығу қажет,-деді. Кездесу соңында Ауған соғысы ардагерлеріне Құрмет Грамоталары табыс етілді. Колледж студенттері шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

ИНТЕРШУМ: грамота табыстау сәті

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ