ДК: Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті сала. Өкінішке орай, елде және әлемде жыл сайын көптеген төтенше жағдай орын алады. Мысалы, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге мыңдаған отандық құтқарушылар, дәрігерлер мен еріктілер көмекке аттанды.

РКС: Евгений Ефремовтың өрт сөндіру бөліміндегі еңбек өтілі 10 жылдан асады. Қазір оның қарамағында 10-ға жуық адам бар. Өрт сөндіруші 10 жылда талай адамды ажалдан құтқарып қалды. Ол туралы айта бермейді. Өйткені, өте қарапайым. Былтыр Евгений өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕФРЕМОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН № 1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Өртке қарсы күрес қызметінің жұмысы командамен бітеді. Жалғыздың шаңы шықпайды демей ме? Жетістігіміз де ортақ.

РКС: Облыс бойынша 1,5 мыңнан астам құтқарушы еңбек етеді. Орта жасы 33 пен 35 шамасындағы жігіттер. Норматив бәріне бірдей. Жыл сайын міндетті аккредитациядан өтеді. Биыл қатарға қосылғандарға еңбекақы 180 мың теңгеден басталады. Ал қалған өрт сөндірушілердің еңбек өтіліне және санатына қарай жалақысы 70 процентке дейін өсіріледі.

СНХ: ҰЛАН БЕЙСЕМБАЕВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН № 1ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өрт сөндіретін құтқарушы мамандығы қашан да сұранысқа ие. Көпшілігі жұмысқа орналасқанымен, қиындыққа шыдамай кетіп қалады. Енді бірі зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына кетеді. Отбасылық жағдайына байланысты басқа өңірге ауысатын жағдай да жиі кезедеседі. Жыл сайын қызметке қабылдауға байланысты конкурс жарияланады. Қаңтар айындағы конкурстың нәтижесінде қазір 35 адам даярлықтан өтіп жатыр.

РКС: Еңбекақы өскеннен соң құтқарушы болып жұмыс істегісі келетіндер қатарының көбейгенін айтады мамандар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ