ДИКТОР: Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелерінің кооперативі таратыла бастады. Оның орнын тұрғындар серіктестігі мен мүлік иелерінің бірлестіктері алмастырды. Реформаның басты жаңашылдығы-мүлік иелерінің бірлестігі тек өздері тұратын үй үшін ғана жауап береді.

РКС: Бұл Көкшетау теміржол вокзалы маңындағы Шалқар көшесінде орналасқан 36-шы үй. Тұрғындардың сөзінше, пәтер иелерінің кооперативі 3 рет ауысқан. Алайда қызмет сапасы көңілге қонымсыз. Көпқаьатты тұрғын үй мен оның аумағында мәселе жетерлік. Тозығы жеткен жылу жүйесі мен кәріз желісінің проблемалары ұзақ уақыт шешілмей келеді. Енді жаңа заңға сәйкес мұндағы пәтер иелерінің кооперативі таратылып, оның орнына мүлік иелерінің бірлестігі құрылды.

СНХ: АННА КАЮКОВА, «ШАЛҚАР 36» МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Алдыңғы пәтер иелерінің кооперативі жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, білгендеріңізді жасаңыздар деді. Біз шамамыз жеткенше істедік. Тұрғындармен қосылып, содан кейін мүлік иелерінің бірлестігімен, смета жасадық, ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жарнаны уақытылы төлеп келеміз. Жиналған ақшаға осы жылы жертөлені және жылу мен кәріз жүйесін күрделі жөндеуден өткіздік. Ендігі мақсатымыз шатырды ішінара жөндеу.

РЗК: Әр пәтер иесі ай сайынғы жарнаны бөлмелердің ауданы мен санына байланысты төлейді. Арнайы шоттар ашу арқылы төраға ақшаны үйдің қажет деп саналған жұмыстарына бөледі. Алты ай ішінде үй мен ауланың жағдайы айтарлықтай жақсарып қалды. Сондай-ақ, тұрғындар көрсетілген көмектің маңызды екенін ерекше атап өтті.

ИНТЕРШУМ: тұрғындар жиналысы

СНХ: ОЛЬГА ИВАНКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз шатырды толығымен жамап, электр сымдарын ауыстырып, содан кейін кіре беріске көшуіміз қажет. Өзгерістерді байқап жатырмыз. Біріншіден, сұрақтар тез шешіледі. Біздің сантехниктердің қолынан бәрі келеді. Барлық тапсырма негізінен төрағаға жүктелгенімен, барлық тұрғын белсенді болуы тиіс.

РЗК: Мүлік иелерінің бірлестігіне көшуге қатысты оң өзгерістер бүкіл қала бойынша байқалады. Бұрындары пәтер иелеріне кооперативі қаланың әр шағын ауданындағы бірнеше үйді жауапкершілігіне алса, қазіргі жаңа құрылым тек өзі тұратын үйге ғана жауап береді. Бұл ең алдымен қажетті жұмыстардың орындалуын бақылауды едәуір жеңілдетеді. Алайда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тұрғындардың бәрі бірдей жұмыла бермейді. Ол өз кезегінде төраға тағайындауды қиындатады.

СНХ: ТӨЛЕУ АҚТАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Көкшетау қаласы бойынша мүлік иелерінің 130-дан астам бірлестігі ашылды, сондай-ақ қарапайым серіктестіктер де бар. Жаңа заңнама бойынша басқару органы ашып жатқан барлық үй бойынша оң динамика бар. Үйдің және тексеру комиссиясының кеңесі бойынша төрағаны таңдауға келгенде тұрғындар өз үйлері үшін жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді. Біз тұрғын үй инспекциясы ретінде мүлік иелерінің бірлестігін ашып, үйді өз қарауларына алуды ұсынамыз.

РЗК: Мүлік иелерінің бірлестігін немесе қарапайым серіктестікті құру туралы шешім қабылдау үшін пәтер иелері тұрғын үй және тексеру кеңесін, сонымен бірге төрағаны үш жыл мерзімге сайлауы тиіс. Одан соң ресми түрде тіркеу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

РАУЗА ТӨЛЕУЖАНҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.