Диктор: Атбасар қаласынан жиырма шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Новосельское ауылдық округінде жыл озған сайын жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсара түсуде. Табалдырығын енді ғана аттаған 2023 жылда да бұл игілікті іс жанды жалғасын таппақ.
РКС: Новосельское ауылында 869 адам, 334 үй бар. 14 ұлттын өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ұлағатты ұрпақ өсіруде. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарған сайын демографиялық ахуал да арта түсті.
СНХ: ЮЛИЯ ПОЛЬ, НОВОСЕЛЬСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Округтің орталық қонысы - Новосельское ауылы. Мұнда орта мектеп, фельшерлік-акушерлік қосын, мәдениет үйі, денешынықтыру және спорт кешені, он сауда нүктесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда медицина мекемесінің іші «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтуде. Базалық іргелі серіктестіктер тұрғындарға қол ұшын созып тұрады. Оларды жанашыр азаматтар Павел Шакола мен Юрий Скубак басқарады. Қыс айларында қар тазалау өзге де жұмыстарды атқару соларға сеніп тапсырылған. Бізде жұмыссыздық мүлдем жоқ.
РКС: Әке жолын лайықты жалғастырып келе жатқан іскер азамат Павел Шаколаның игілікті істеріне Новосельское ауылының тұрғындары дән риза.
СНХ: ГҮЛЖАНАТ ЕРМЕКҚЫЗЫ, ЖАС МАМАН (қазақша). Маған жайлы пәтер берді.
СНХ: КҮМІС СҰЛТАНҒАЗИНА, ЗЕЙНЕТКЕР: Ауылда тұруға болдаы.
СНХ: ЮРИЙ СКУБАК, НОВОСЕЛЬСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
РКС: Елжанды азамат Павел Шакола ауылды өркендетудің өзегі жергілікті тұрғындардың тұрмыстық мәселесін шешу екенін жете түсінеді.
СНХ: ПАВЕЛ ШАКОЛА, НОВОСЕЛЬСКОЕ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ауыл біздің болашақ ұрпақтың тамыр жаятын жері. Сондықтан өскелең ұрпаққа әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасауымыз қажет. Осы орайда, біздің серіктестікте кешенді жұмыс жоспары жасалды. Өткен жылы жас мамандарға 4 үй салдық. Көшелер толық жарықтандырылды. Ауыз судан проблема жоқ. Мәдениет пен спортқа да мол қаржы құйып жатырмыз. Соның түпкі нәтижесі көрініп келеді.
РКС: Біз Новосельское ауылынан қанаттанып қайттық. Жанашырлық бар жерде игіліктің де болатынын сезіндік.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.