ДК:Елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Өңірде ақпараттық жүйені пилоттық режимде енгізудің арқасында 350 алушығакөмек тағайындалды. Оның 118-і атаулы әлеуметтік көмек алды. Мемлекеттік қолдау шаралары проактивті форматта көрсетілді. Яғни, жәрдемақы түрін тағайындау үшін хабарлама келеді. Алдағы уақытта қызметтер тізімі кеңейтілмек.
РКС:Отбасының цифрлық картасы мемлекет тарапынан қызмет көрсету форматының жаңа құралы. Ерекшелігі- азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдауды ұсынады. Карта “Smart Data Ukimet” аналитикалық жүйесімен интеграцияланған. Ол жерде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған. Цифрлық құрылғыда табыс деңгейі, отбасы құрамы, кредиттің болуы және өзге де ақпарат қамтылған.
СНХ: БОТАГӨЗ АХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі таңда ақпараттық жүйеде мемлекеттік көмекке мұқтаж жандардың тізімінде 16 мыңнан астам отбасы тұр. Бұл жанұяларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Оны жүзеге асыру үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынахабарламажіберіледі.
РКС: Сала мамандары хабарламаның тек 1414 байланыс орталығынан келетінін ескертеді. Сондай-ақ,хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап береді. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты түрде жүргізіледі. Процесс соңында ақшалай қаражат алушының банк шотына аударылады. Бұдан бөлек, Отбасының цифрлық картасында жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемнің 9 түрі бойынша қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған.
СНХ:НӘЗИПА СӘЛІНГРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз бірнеше жәрдемақы түрін тағайындаймыз. Олар босануға және бала күтіміне байланысты және жағдайда әлеуметтік төлем. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бала күтіміне, мүгедектікке байланысты және табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қазан айынан бастап асыраушысынан айырылуына байланысты, «Алтын алқа», «Күміс алқамен»марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақылар төленеді. Қараша айынан зейнетақы төлемдері де енгізілді.
РКС: Биыл әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілді. Келер жылдың 1 қаңтарынан денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізу қарастырылған. Ал 2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш салада мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылмақ.
АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ