ДК: Өңірде тілдерді дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік тілді үйренуге арналған тегін курстар мен орталықтар. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында студенттерге арналған түрлі дебат клубтары да ұйымдастырылып отырады. Мұндай бірлестіктер еркін коммуникативті орта құрып, қазақ тілін өскелең ұрпақ арасында насихаттауға септігін тигізеді.

РКС: Бүгінгі таңда қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту-басты міндет. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары бұл міндеттің биігінен көрінуде. Мәселен, студенттерге мемлекеттік тілдің құндылығын дәріптейтін іс-шаралар, кездесулер жиі өткізеді. Жақында Көкше өңіріне ғана емес, Қазақстанға танымал тұлға, жазушы-драматург Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш ұйымдастырды. Одан бөлек, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар тұрақты түрде өткізіледі. Жиында студенттер тіл тақырыбында өзекті мәселелерді талқылап, пікірлерімен бөліседі.

СНХ: ЛАЙЫС МУСИН, ГУММАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ МАГИСТРІ: Бізде қазақ тілін дамытатын дебат клубтары бар. Одан бөлек, ғылыми орталықтар бар. Қазақ тіл мен әдебиет кафедрасында қазақ тілін дамытуға арналған лингвистикалық мектеп бар. Жастар ол жерге көптеп тартылады. ++02:55 Бүгінгі таңда ағылшын бөлімінде Пакистан, Үндістаннан медецина саласында оқитындар бар. Олар да біршама қазақ тілін меңгеріп жатыр. Себебі орта талап қойып отыр. Яғни, болашағын Қазақстанмен байланыстырады.

РКС: Қазақ тілінде сөйлегенде кез келгенді жаңылдыратын өзге ұлт өкілдерінің бірі- Милана Тарасова. 5 жасында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болып, мектепке қазақ сыныбына барады. Өсе келе тілді толық меңгеріп, еркін сөйлейді. Тіпті, болашақ мамандығын да қазақ тілімен байланыстырыпты. Қазіргі таңда университеттің филология факультетінің соңғы курс студенті. Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге курс ашқан. Ниет болса кез келген тілді меңгеруге болады,- дейді Милана.

СНХ: МИЛАНА ТАРАСОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ МЕН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Қазіргі таңда мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығында өзге ұлт өкілдеріне арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, дөңгелек үстелдер, іс-шаралар және ақынның мерейтойына байланысты сайыстар. Облыста қазақ тілін үйренемін деушілер көп. Олар грамматикалық жағын меңгергенімен, практика түрі жоқ. Осыған байланысты жақында ++00:51 сөйлеу клубын ашамыз. Ол жерде тек оқушылар алған білімдерін тек мектеп қабырғасында емес, осы орталықта бір-бірімен сөйлесіп, тілді үйрене алады.

РКС: Тіл үйрету орталықтарының жетекшілері атқарылған жұмыс нәтижесі қазақ тілінің мәртебесін арттыра түседі деген үмітте. Сондай-ақ, орталықтардың көшбасшылары ана тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі бүгінгі қоғамның алдындағы басты міндет екенін жеткізді.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ