ДИКТОР: Жыл басынан бері табиғи монополияларды реттеу департаменті жоспардан тыс 11 тексеріс жүргізіп, сегізінен құқық бұзушылық анықталған. 6 іс бойынша субъектілер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылған. Департаменттің және соттың қаулысымен 32 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

РКС: Департамент облыс бойынша мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополияға жататын 67 субъектісінің қызметін реттейді. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтердің тарифі бірқалыпты. Бағаның өсіміне жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Өткен жылғы инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы 30-ға тарта есеп және тарифтік сметалардың орындалуына қатысты 144 есеп талданған. Оның қорытындысына сәйкес табиғи монополияның 20 субъектісіне уақытша өтемақы тарифі бекітілген. Оның сомасы 1 млрд теңгеден асады. Биыл 2 кәсіпорыннан түскен өтінімді қараудың нәтижесінде тарифтер жобасын төмендету арқылы бағаны ұстап тұруға қол жеткізілген.

СНХ:ДУМАН ҚАЛИБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жаңа жылдан бастап тарифтердің өсуіне қатысты болжам жоқ. Тек жоспарлы өсім бойынша «Көкшетау Су Арнасының» қызметі 10 процентке өседі. Жүргізілген сараптаманың нәтижесінде былтырғы жылу беру кезеңінде табиғи монаполияның 14 субъектісі тұтынушыларға 20 млн.338 мың 935 теңгеден астам қаржы қайтарылды.

РКС: Жыл басынан бері заңды және жеке тұлғалардан 200-ден астам шағым қаралып, 17 арыз бойынша жоспардан тыс 11 тексеріс жүргізілген. Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған мекемелерге тиісті айыппұл салынды.

СНХ:ДУМАН ҚАЛИБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Әкімшілік құқық бузушылыққа келетін болсақ, Департамент тарапынан 2022 жылы жалпы 44 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 31 қаулы тиісті жауапкершілікке тартылған болатын. Оның жалпы сомасы – 27 млн 199 мың теңге. Оның ішінде төленген штраф сомасы 19 млн 614 мың теңге. Және де бізде 5 қаулы сот тарапынан тиісті айыппұл сомасы салынған болатын. Бұл соманың көлемі – 5 млн. 298 мың теңге. Оның жалпы төленген сомасы – 4млн, 655мың теңге.

РКС:Брифинг барысында департамент басшылығы ай сайын тұтынушыларды қабылдау жүргізілетінін айтты. Бүгінгі күнге дейін 11 қоғамдық қабылдау өткізілген. Сонымен қатар департамент табиғи монополиялар субъектілері қызмет көрсету тарифтерінің бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу бағытындағы жұмысты жандандыра түсетіндерін жеткізді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар қызметтерге бағаның көтерілмеуін қатаң бақылауда ұстамақ.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ