ДИКТОР: Биыл қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл. Осыған орай өңірде «Хан ордасы Көкшетау: Кенесары ұлттық қаһарман» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 600-ден астам адам қатысты.
РКС: Кенесары Қасымұлы ұлттық қаһарман, қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. 1837-1847 жылдардағы ұлт азаттық көтерілістің көшбасшысы. Бүгінде алып тұлғаның есімі әр қазаққа таныс. Дегенмен оның өмірбаяны мен ерлігі жайында айтылмаған мәлімет пен талқыланбаған мәселе көп. Шынымен де тәуелсіздік алғанға дейін Кенесарының есімін ашық айтқандар бір мезетте «халық жауы» атанып, темір тордың артынан бір-ақ шығатын. Қазір заман басқа. Қаһарманды ұлықтайтын уақыт енді келді, -дейді тарихшылар. Шараның басты мақсаты да осы.
СНХ:АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Кенесары Қасымұлының өмірбаяны тарихшыларды, мамандарды, зерттеушілерді әлі күнге дейін қызықтырып отыр. Кеңес заманда алып тұлғаның азаттық қозғалысы, өмірі туралы айтуға тыйым салынды. Әртүрлі көзқарас болды. Соған қарамастан бүгінгі күні Кенесары образына деген қызығушылық азайған жоқ. +скл+ 03:11 Шараның мақсаты-Кенесарының әлі де ашылмаған беттері, көпшілікке белгісіз деректерін айту. Ханның аманатын орындау. +скл+ Бұл бүгінгі конференциямен шектелмейді. Қазір біздің міндетіміз алып тұлғаны ұлықтау.
РКС: Мұндай ауқымды республикалық конференцияның Көкше өңірінде өтуінің өзі тегін емес. Шараға қатысқан Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса алып тұлғаны ұлықтау оның кіңдік қаны тамған жерден басталуы тиіс екенін айтады.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Кенесары қазақ халқының дербес мемлекетін қалпына келтіру, халықты бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттықпен бостандыққа қол жеткізу мұратын көздеген саясаткер, әскер қолбасшысы ретінде ел есінде қалды. Бүгінде Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетерлік жанды ұлықтау мәселесі өзекті.
РКС: Шара барысында ұлттық рухы биік, айбары асқақ Кенесары ханның қазақтың елі мен жерінің біртұтастығы жолындағы ұлт-азаттық соғысты басқарудағы қолбасшылық рөлін айқындау мәселелері талқыланды. Алып тұлғаның болмысы, саяси тәжірибелігі, атасы Абылай хан тұсындағы билікті сақтап қалу жолындағы белсенділігі туарлы ғылыми-зерттеу тұрғысынан ой-толғамдар мен тұжырымдар жасалып, ғылыми ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»