ДИКТОР: Биыл азық-түлік бағасын тұрақтандыруға облыстық бюджеттен 3,9 млрд. теңге бөлінді. Оның 3,3 млрд.теңгесі айналымға жіберілді. Яғни, тауар желілеріне жеңілдетілген қарыз берілген. Ондағы басты шарт-мұндай несие алған сатушылар өнімді тек белгіленген бағада ғана сатуы тиіс. Бұдан бөлек, тауар құны да қатаң қадағаланады,-дейді сала мамандары.

РКС: Азық-түлік бағасына 15 проценттен артық үстемақы қосып, қолдан қымбатшылық жасаған дүкен иелері жауапқа тартылды. Биыл облыста 21 сауда орны тексеріліп, 27 кәсіпорынның заңды бұзғаны анықталды. Онымен қоймай базар әкімшіліктері сауда қызметі саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРЗИМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Заңды бұзған кәсіпорындарға ескерту жарияланды. Егер де мұндай жағдай тағы қайталанатын болса оларға айыппұл салынатын болады. Заң бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 проценттен артық үстемақы қосуға болмайды. Қазір біз бұл үстемақыны 10 процентке дейін азайтуды көздеп отырмыз. 20 кәсіпорынмен келісімшартқа отырдық.

РКС: Жыл басынан бері азық-түлік 22 процентке қымбаттаған. Бүгінде тауарларға сұраныс та артып отыр. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы- әлеуметтік дүкендердің санын арттыру. Ондағы өнім арзан бағада тұрақтандыру қорынан тікелей жеткізіледі. Яғни, арада ешқандай алып-сатарлар болмайды. Дегенмен бұл проблеманы шешудің өзі оңай емес. Әлеуметтік дүкенді ашу үшін кәсіпкерлердің қолдауы қажет. Ал қазіргі уақытта бизнестің бұл түрімен айналысқысы келетін бизнесмендердің саны аз. Өйткені, одан түсетін пайда көп емес,-дейді сала мамандары.

ТАҚЫРЫБЫ: БИЫЛ ӨҢІРДЕ 192 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

РКС: Биыл өңірде 192 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 260 млрд теңгеден артық жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде 4500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның басым бөлігі тау-кен өнеркәсібі мен құрылыс индустриясына тиесілі. Сондай-ақ, ендігі жылы 100-ден астам жобаны іске асыру жоспарланған. Оған 180 миллиард теңгеден аса инвестиция тартылмақ.

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2026 жылға дейін тағы да 178 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оған 811 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Ірі жобаларды жүзеге асырмақпыз. Мысалы, Зеренді ауданындағы «Юникорн Холдингс» агроөнеркәсіп кәсіпорны , Ерейментау аймағында «Ерейментау Пауэр» жел электр станциясы. Барлығына инвестиция тартылады.

РКС: Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесі өзекті. Бүгінде өңірде бұл бағытта бірқатар шара қолға алынған. 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 мың жобаны жүзеге асыруға несие берілді. Сондай-ақ,несие мөлшерлемесін субсидиялау жұмыстары да қолға алынған. Яғни, кәсіпкер банктен несие алады. Әрі қарай мемлекет оған субсидия береді. Осының арқасында кәсіп иесі кредитті тек 6 проценттік мөлшерлемемен төлейді. Ал банктегі қалған қарызды мемлекет төлейді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»