ДК: Өлкенің алтын өндіру өнеркәсібіне 90 жыл толды. Іс-шара барысында Ақсу, Бестөбе, Жолымбет және Степногорск қаласында кітаптың тұсаукесері және ардагерлердің жұмыстары мен тарихы туралы жазылған.Толығырақ бейнематериалда.
РКС: Ақмола облысы бойынша, 1932 жылдан бастап алтын өндіру тарихы бар.Солтүстік Қазақстан облысында «Қаззолото» өндіріс бірлестігі ашылды. Алғашқы жылдары, 7,2% пайда әкелді.Ал, 2021 жылы «Қазақалтын» өндірісі «Алтыналмас» өндіріс бірлестігінің бір бөлігі болды. Қазіргі таңда, 10 мыңнан астам жұмыскерлер бар. Осыған орай 90 жылдығына байланысты, Степногорск қаласында, тарихтың өткен және қазіргі алтын кезеңдеріне арнайы фотокөрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар, кітаптың түсаукесері өтті.
СНХ: ҒАНИ САҒИЕВ, «АЛТЫНАЛМАС» АҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өткен жылы біздің бастамамызды қолдай отырып, компания басшылығы кітапты естеліктер мен шахталардың даму тарихы форматында шығару туралы шешім қабылдады. Іс-шараға құрметті ардагерлерімізді, қазіргі жұмысшыларымызды шақырдық. Жалпы Формат ерекше болып шықты.
РКС: Кітаптың дизайнынан бастап басылымына дейін бір жыл өтті. Бүгінгі күні беттерде өзін кәсіпорынмен байланыстыратындардың барлығының естеліктері мен тағдырлары көрсетілген және 500 дана кітап тиражы басылымға шықты. Ең алғашқы кітаптар ардагерлерге табысталды.
ИНТЕРШУМ: Құттықтау рәсімі
РКС: Әміржан Әлпейсов шахтерлардың ұрпағынан. Ең алғашқы жұмыс кәсібін Бестөбеде бастадым-дейді, белгілі жазушы.
СНХ: ӘМІРЖАН ӘЛПЕЙСОВ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Бүгін шынымен де тарихи оқиға, кітап шығару бұл әрқашан ұрпақты байланыстыратын алтын жіп. Мен үшін өте құнды дүние кітап деген. Бүгін арнайы келдім, жерлестеріме қолдау көрсеткім келді. Кітаптың ішіндегі мақала біздің отбасымызға да арналған екен. Менің атам шахтаның ашылуынан бастап жұмыс істеді, әкеміз оның ісін жалғастырды, берте келе менде шахтада жұмыс істедім.
РКС: «Алтыналмас» кітаптың шығуына демеу болды. Айта кетерлігі, шетел азаматтары да бұрын жұмыс істегендер де осы іс-шараға қатысты. Келесі жоспарда, электрондық нұсқасын жасау. Бұл кітапты жаңа материалдармен толықтыруға және оқырмандардың көп санын қамтуға мүмкіндік береді.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ