ДК: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары отандық киноөндіріс жаңаша бағытқа бет бұрды. Қазақ кино студиясы алғашқы құрылғаннан бастап көптеген көркем фильм мен деректі фильм шығарды. Әр жанрды қамтыған кинолар көремендердің жоғары бағасын алды. Кинотеатрларда отандық фильмдерге сұраныс артып, үлкен қызығушылық тудырды.

РКС: Жау жүрек мың бала,  Құнанбай, Аманат, Анаға апарар жол және Алмас қылыш. Бұл соңғы жылы түсірілген фильмдер. Елге деген сүйіспеншілік пен жерге деген құрметті осы кинолардан анық аңғаруға болады. Осындай рухты кинолармен қатар, комедия, фантастикалық туындылар да көптеп шыққаны жасырын емес.

СНХ:ЕРДЕН НҰРМҰХАНБЕТ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ӨҢІРЛІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ///қазақша//// Тәуелсіздік жылдарында мәдениет жақсы дамыды. Жалпы кино саласын алсақ, бүгінде шетелде  голивудта барлық жанрдағы кинолар көрсетілді. Ал, Қазақастан сол тәуелсіздік жылдарында сол дәрежеге жетті. Әсіресе, фантастикалық жанрдағы кинолар көбейді. Кино саласыда өте жақсы дамыды. 

РКС: Сондай-ақ, өткеннен сыр шертіп, насихаттауда музейдің алатын орны зор. Бүгінде облыс орталығында 4 музей жұмыс істейді. Онда мыңдаған жәдігерлер сақталған. Десе де, соңғы жылдары музейлердің экспозициялық залдары заманауи үлгіге өзгертілді.

СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қазақша/// Мәдениет саласы өте жоғары деңгейде дамып жатыр. Мәселен, музейлерді алсақ. Бүгінде музейлерде де көп жаңашылдық бар. Түрлі экспонаттар қойылған. Осының өзі жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятады.

РКС: Иә, кенжелеп қалған осы қос саласының қайта жандануына егемендіктің тигізген септігі мол.  Өз көрермендерін тапқан аталмыш салалар әлі де дами түсеріне сенім мол.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ АҚПАРАТ»