ДК: Күнделікті күйбең тірліктен шаршағанды басатын, жаныңды рахат сезімге бөлейтін демалыстың бір түрі – балық аулау. Бұл кәсіптің денсаулыққа тигізер пайдасы да зор. Яғни, таза ауада бой жазасың, жүйкең демалады,-дейді балықшылар. Көл беті қатып, қабыршықтанғанда осы кәсіпке құмартқандар балық аулауға кіріседі. Олардың арасында осы кәсіпті отбасымен серік қылғандар да бар. Сондай жанұяның бірімен әріптесім Абзал Азаматұлы танысып қайтты.

РКС: Көкшетаулық Кәрімовтер отбасы 5 жылға жуық балық аулап келеді. Ең алғашында үйдің отағасы Рахат бұл кәсіпті хобби ретінде көрді. Кейіннен оның жұбайы да балық аулауға қызығушылық танытып, бүгінде осы істі отбасылық кәсіпке айналдырған. Балықшылар жылдың екі мезгілінде қармақтарын қамдайды. Жаз аяқталса, қыстың алғашқы аязын күтеді. Балыққа қажетті құрал-жабдықтар жетерлік. Ал, жетпегенің өздері қолдан  жасайды.

СНХ: РАХАТ КӘРІМОВ, БАЛЫҚШЫ///аударма/// Біз балыққа қажет сөмкелер мен жылы төсеніштерді өзіміз тігеміз. Себебі, бүгінде балық аулауға мұндай дүниелер  дүкендерде жоқтың қасы. Сондай-ақ, дайын күркелер сатып алған кезде, мұзға төсейтін жылы төсеніштер болмайды.  Ал, онсыз қыста балыққа шықсаң табаннан сыз  өтеді. Міне, сондай төсеніштерді де тігеміз.

РКС: Бүгінде бұл отбасы осы тауарларды саудаға да шығарған. Оған сұраныстың да  жоғары екенін айтады. Сондай-ақ, балықшылар отбасы әр демалыста балыққа шығуды әдетке айналдырған.

СНХ: ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, БАЛЫҚШЫ//аударма// Балыққа шығу ең алдымен денсаулыққа пайдалы. Біріншіден күйзелістен арылтады. Тыныс алу жүйелерін дұрыстайды. Салауатты өмір салтының бір түрі ғой. Тамаққа деген тәбетіңді ашып, ұйқың да жақсы болады. Көп жандар мұз үсті суық, ауырып қалу қауіпі бар деп жатады. Бірақ, қазіргі біздің мүмкіншіліктерімізбен оған жол бермеуге болады деп есептеймін.

РКС: Қармақтарына балық ілініп, қанжығалары майланған балықшылар қуанғандарынан осылай ша әндетеді де.

РКС: Бұл балықшылар отбасының бір күндік өмірі. Бүгінде кәсіптерін нәсіп еткен жанұя алдағы уақытта бұл жұмыстарын кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар, үйдегі балаларын да осы кәсіпке баулып жүр. Денсаулыққа пайдалы іске ұмтылған отбасының осы кәсібі көпке үлгі болары даусыз.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ