Көкшетауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прзиденті күніне орай «Ер намысы-ел намысы» деген атаумен байқау өткізлді. Оған елдік пен ерліктің иесі, батырлық пен батылдықтың үлгісі саналатын әскери құрылымдардың қызметкерлері қатысып, өздерінің отаншылдық, қаһармандылық, дарындылық қасиеттерін көрсете білді.
Адамгершілікке, азаматтылық пен патриоттық сезімге тәрбиелейтін байқауға облыстың 6 мекемесінен 9 қатысушы келіп бақ сынады. Олар өздерінің кәсіби шеберлігімен қоса, әскери әрі дене даярлығын байқаудың бірнеше кезеңі бойынша паш етті.// Ұлттық ұланның 55/10 әскери бөлімінің намысын рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Асхат Халықов қорғауға келген. Мұндай байқаулар патриоттық сезімді оятып қана қоймай, ішкі істер органдары арасындағы бәсекелестікті тудырмақ. Сондай-ақ, мұндай сайыстарға қатысу біз үшін үлкен абырой дейді ол өз сөзінде.
Әртістік, жасампаздық, білімпаздық пен ептілік – міне осы қасиеттерді асқан шеберлікпен көрсете білген қатысушыны білікті әділ қазылар алқасы таңдамақ.
Байқау қорытындысы бойынша әділет басқармасының аға лейтенанты Айбек Рамазанов «Бас жүлде» иегері атанды. Барлық жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Авторы: Айгүл Бекетқызы
Операторы: Данияр Жұмағұл