РКС: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдауға бағытталған халықаралық табиғатты қорғау акциясы жыл сайын ұйымдастырылады. Мақсат оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға баулу.

СНХ: ТАЛҒАТ МҰХАМАДИЕВ, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// бұл күні біз ең үздік қолөнер жұмыстарының иелерін, яғни балаларды марапаттаймыз. Бұл жұмыстарды арнайы құрылған комиссия қарап, іріктеп алды. «Парктер шеруі» акциясының мақсаты балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілін ояту, айналасын қорғауға үйрету./

РКС: Ұйымдастырушылар аталған іс шараға қатысушылардың белсенділігі өте жоғары, табиғатты аялайық тақырыбына келетін қолөнер жұмыстарының саны жыл сайын артып келеді,- дейді олар.

СНХ: МЕЙІРГҮЛ ЖАМАНОВА, №21 МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗЫ //// біз «Көкшетау» табиғи паркі ұйымдастырған акцияға қатыстық. Мен өз сыныбыммен осы тақырыпқа ашық сабақ өткіздім. Мұражайға да саяхатқа бардық. Онда балалар өздеріне көптеген қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын көрді. /

РКС: Акция шеңберінде белсенділік танытып, еңбектері озық шыққандар «Үздік ашық сабақ», «Үздік іс-шара», «Үздік қолөнер» номинациялары бойынша марапатталды. Кеш соңында белсенділер табиғат тақырыбына сахналық көріністер койып, ән салып, би биледі.

М.АЙБАБИНА