Ауыл шаруашылығы жерлері енді аукцион арқылы сатылады. Заңмен бекітілген мұндай үкім ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап күшіне енбек. Бұл кәнігі Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында міндеттеген тапсырмасы. Құжаттың 35-қадамында ауыл шаруашылығына қажетті жерлерді тиімді пайдалану үшін оларды нарықтық айналымға енгізу қажеттігі айтылған. 

Еліміз бойынша аукционда 1 млн 700 мың гектар жер сатылмақ. Бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы орган өкілдері жауапты. Жылдап жыртылмаған, арамшөптен арылмаған бірнеше гектар аумақтар ен жекенің қолына өтеді. 

АЛМАГҮЛ ҚАДЫРӘЛИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Қазіргі кезде саудаға салынатын аумақтар анықталды. Біздің аймақта 42 мың гектар жер аукционда сатылады.  Сатып аламын деген азаматтар қазірден бастап жергілікті атқарушы органға өтініш жазса болады. 

Елбасы берген мүмкіндікті пайдаланып, жерді жеке меншігіме өткіземін дегендерден бүгінгі таңда 117 өтініш түсіпті. Атап өтейік, жер 10 жылға бөлiп төлеу арқылы сатылады. 

АЛМАГҮЛ ҚАДЫРӘЛИНА,АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ  ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жер үлестері бар иелерінің жері сол қалпында қалады, оны ешкімнің алып қоюға қақысы жоқ. Негізінен мұндай жерлер ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде, иелерінен 49 жылға дейін жалға алу арқылы рәсімдеген. Яғни келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін күшін жоймайды. Егер де серіктестік жерді сатып алуға ниет білдірсе, онда келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін жер иелерімен жалпы жиын өткізулері шарт.  

Ақмола облысы 14 миллион 621 мың гектар аумақты алып жатыр. Ат шаптырым атыраптың он миллион гектардан астамы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.  Бірақ, жерді игеруде сылбырлық бар. Сондықтан, «өзің де көгер, басқаға да пайдаңды тигіз» деген мақсатта сатылатын аумақтар жекенің қолына өтсе, әлдеқайда жемісті болады. Мамандардың түйіп айтқаны осы. 

Қорғанбек Қонысбайұлы, Индира Тегжанова, Бауыржан Смағұлов